basmedia.kz
Маңызды жаңалықтарды
бізге WhatsApp арқылы жіберсеңіз болады:
+7 (705) 121-66-56
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Заң
  • Экономика
  • Білім
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Жаңа Қазақстан
  • Әлемде
No Result
View All Result
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Заң
  • Экономика
  • Білім
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Жаңа Қазақстан
  • Әлемде
No Result
View All Result
basmedia.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Шымкентте 20 мыңнан астам азаматты жұмыспен қамту шараларына қатыстыру жоспарланған

Шілде 16, 2021
in Жаңалықтар
0
Шымкентте 20 мыңнан астам азаматты жұмыспен қамту шараларына қатыстыру жоспарланған
0
SHARES
7
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

Бүгін тұрғындарды толғандырған жұмыспен қамту, әлеуметтік және тұрғын үй мәселелері  қала әкімінің орынбасары Ерғали Білісбековтің  онлайн қабылдауында басты назарға алынды. Қала басшысының орынбасары бұл жолғы қабылдауында 20-ға жуық азаматтың өтінішін тыңдады. Әр тұрғынның мәселесі мұқият қарастырылып, заң аясында шешу жолдары түсіндірілді.

Алдымен жұмысқа орналасуына өтінішін  жеткізген тұрғындардың бірі Перизат Күдірбекова болды.

-Сіздерге үлкен алғысымды білдіремін. Халықтың мұң-мұқтажын тыңдап, барынша қолдау көрсетудесіздер. Сіздерден атаулы әлеуметтік көмек немесе баспана беріңіздер деп сұрап отырғаным жоқ. Тек ешкімге алақан жаймай, табысым жеткілікті болатындай жұмыспен қамтуларыңызды сұраймын. Мамандығым тарих пәнінің мұғалімі,-деді ол.  Ерғали Дәулетбекұлы өз кезегінде тиісті басқарма басшылығына қала тұрғынын жұмыспен қамту мәселесін бақылауға алуды тапсырды.

Айта кету керек, биыл Шымкент қаласында 21 841 азаматты жұмыспен қамту шараларына қатыстыру жоспарланып отыр. Бүгінгі таңға оның  12 мыңнан астамы қамтылған.

Жалпы  жұмыссыздықпен күрес және халықтың әл-ауқатын арттыру шарасы Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде жүзеге асырылуда.

Шымкент қаласы әкімінің орынбасары Ерғали Білісбеков тұрғындарды жеке мәселелерімен алдын-ала жазылу бойынша аптаның бейсенбі және жұма күндері қабылдайды. Карантин талаптарына сәйкес қабылдау онлайн түрде жүргізіледі.

Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

Tags: 3 мегаполисЕрғали Білісбековжұмыспен қамтукәсіпкерлікшымкент
Previous Post

Шымкентте көпқабатты тұрғын үйлердің аулалары абаттандырылды

Next Post

Инфрақұрылым : Шымкентте 155 көшеге жаңа атау берілді

Пікір үстеу Жауапты болдырмау

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Facebook Twitter Instagram Youtube

        basmedia.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды көшіріп басу кезінде basmedia.kz сайтына тікелей гиперсілтеме көрсетуді талап етеді



        Барлық құқықтары қорғалған. ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігіне 20.01.2022 ж. тіркелген. Тіркеу туралы куәлік №KZ71VPY00045020 Электронды почта: mediab@internet.ru

No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік

on7news.kz ақпарат агенттігі