basmedia.kz
Маңызды жаңалықтарды
бізге WhatsApp арқылы жіберсеңіз болады:
+7 (705) 121-66-56
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Заң
  • Экономика
  • Білім
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Жаңа Қазақстан
  • Әлемде
No Result
View All Result
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Заң
  • Экономика
  • Білім
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Жаңа Қазақстан
  • Әлемде
No Result
View All Result
basmedia.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Шымкент : «Қазмедприбор» кәсіпорны пандемияға байланысты өнім көлемін ұлғайтты

Шілде 21, 2021
in Жаңалықтар
0
Шымкент : «Қазмедприбор» кәсіпорны пандемияға байланысты өнім көлемін ұлғайтты
0
SHARES
7
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

Шымкент қаласындағы «Қазмедприбор» ЖШС-і пандемияға байланысты өнім көлемін 37 пайызға дейін көбейтіп отыр. Отандық кәсіпорын шығаратын медициналық жабдықтарға тіпті шет елден сұраныстар бар. Бұл туралы «Қазмедприбор» ЖШС  өкілі Қаныбек  Қанатбекұлы мәлімдеді.

Өкпені жасанды желдету аппараты қауіпті инфекцияға шалдыққан науқастарды емдеуге арналған негізгі құрылғылардың бірі. Коронавируспен  күресте мұндай аса қажетті ИВЛ аппаратын дайындап шығарауда «Қазмедприбор» компаниясы қарқынды жұмыс істеуде.

Бүгінде кәсіпорын Шығыс және Батыс өңір мен еліміздің өзге де қалаларынан келген тапсырыс бойынша   медициналық жиһаздар мен өкпені жасанды желдету аппараттарын дайындап шығаруда. Бұған қоса компания Қырғыстан және Өзбекстан елінен түскен сұраныс бойынша 50 дана ИВЛ құрылғысын нарыққа шығармақ.

– Біздің өнімдерге тапсырыс көбеюде. Пандемияға байланысты біз дайындап шығаратын өнім көлемін 37 пайызға көбейттік. KAZMEDPRIBOR тәулігіне 15-20 құрылғы шығаруға мүмкіндігі бар. Компания мұндай құрылғыларды ғана емес, сонымен қатар медициналық жабдықтар мен аксессуарлардың 300-ге жуық түрін шығарады. 2020 жылдың қыркүйек айының соңында компанияға Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев келіп, біздің өнімдеріміздің өндірісімен танысты. Сондай-ақ, отандық өнімнің қазақстандық нарықтағы маңыздылығын атап өтті. Алдағы уақытта отандық нарықтағы өндіріс көлемін одан әрі арттыра береміз, – дейді «Қазмедприбор» ЖШС-і  өкілі Қаныбек  Қанатбекұлы.

Қазмедприбор компаниясы қазір айына 150-ден аса медициналық жабдықтарды дайындап, шығаруда. Кәсіпорын жаңа жоба аясында электрокардиограф, ультра дыбыстық зерттеу сынды жаңа сападағы жабдықтарды нарыққа ұсынуды жоспарлап отыр.

Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

Tags: 3 мегаполис«Қазмедприбор» ЖШСкәсіпкерлікшымкент
Previous Post

Инфрақұрылым : Қаратау ауданында аулаларды абаттандыру жұмыстары жалғасуда

Next Post

Иновация : Шымкентте зағип жандарға арналған мобильді қосымша енгізілмек

Пікір үстеу Жауапты болдырмау

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Facebook Twitter Instagram Youtube

        basmedia.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды көшіріп басу кезінде basmedia.kz сайтына тікелей гиперсілтеме көрсетуді талап етеді



        Барлық құқықтары қорғалған. ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігіне 20.01.2022 ж. тіркелген. Тіркеу туралы куәлік №KZ71VPY00045020 Электронды почта: mediab@internet.ru

No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік

on7news.kz ақпарат агенттігі