basmedia.kz
Маңызды жаңалықтарды
бізге WhatsApp арқылы жіберсеңіз болады:
+7 (705) 121-66-56
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Заң
  • Экономика
  • Білім
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Жаңа Қазақстан
  • Әлемде
No Result
View All Result
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Заң
  • Экономика
  • Білім
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Жаңа Қазақстан
  • Әлемде
No Result
View All Result
basmedia.kz
No Result
View All Result
Home Мәдениет

Өнерлі отбасы – «Мерейлі отбасы» атанды

Шілде 22, 2021
in Мәдениет
0
Өнерлі отбасы – «Мерейлі отбасы» атанды
0
SHARES
6
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

«Мерейлі отбасы» ұлттық конкурсы елімізде Тұңғыш Президент– Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасымен 2013 жылдан бері өткізіліп келеді.

Өкінішке орай, 2020 жылы пандемияға байланысты «Мерейлі отбасы – 2020» ұлттық конкурсы өтпей қалды. Биылғы жылы ұлттық комиссияның бастамасымен «Мерейлі отбасы» байқауы жаңа форматта өткізілді.

Жыл сайын өңірлерден 2 жеңімпаз отбасы анықталып, республикаға жолдама алатын болса, биылғы жылы бір отбасы жолдама алатын болды.

Байқаудың шарты бойынша аудан әкімдіктері мамыр-маусым айларында Шымкент қаласының тұрғындары арасынан Абай ауданы – 31, Әл-Фараби ауданы – 20, Еңбекші ауданы – 20, Қаратау ауданы – 39 барлығы 110 өтініш қабылдады. Бұл 2019 жылмен (31 отбасы)  салыстырғанда 4 есе көп отбасы қатысқандығын көрсетіп отыр.

Шымкентте өткен қалалық кезеңнің тағы бір ерекшелігі байқауға қатысушылар арасында көп балалы және жас отбасылардың саны 2 есе артып отыр.

Анкеталық іріктеу кезеңінің қорытындысы бойынша төрт ауданнан 16 отбасы байқаудың екінші қалалық кезеңіне жолдама алған болатын.

Нәтижесінде АЛИЕВТЕР ОТБАСЫ комиссияның шешімімен жеңімпаз деп танылды. Жеңімпазды қала әкімінің бірінші орынбасары Ш.Мұқан марапаттап, қала әкімінің алғыс хаты мен 500 мың теңге көлемінде қаржылай сыйлық табыстады.

Алиевтер отбасының үлкені Бачак Алиев – ішкі істер саласының құрметті ардагері. Отбасылық «АБО» түрік ансамбліне жетекшілік етеді. Бүгінде 6 жанұя бір шаңырақ астында күн көруде. Отбасылық өнердің арқасында алыс-жақын шетелге гастрөлмен шығып, танылып үлгерген. Қалада өтетін түрлі мәдени іс-шараларға да белсене ат салысып жүреді.

Өзге де қалалық кезеңге өткен барлық отбасыға Шымкент қаласы әкімінің арнайы алғыс хаты және бағалы сыйлықтар берілді.

Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

Tags: 3 мегаполисМерейлі отбасышымкентШыңғыс Мұқан
Previous Post

Инфрақұрылым : Еңбекші ауданында биыл 56 көпқабатты үйдің ауласы абаттандырылады

Next Post

Шымкентте кәсіпкерлік нысандар «Ashyq» жобасымен жұмыс жасауда

Пікір үстеу Жауапты болдырмау

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Facebook Twitter Instagram Youtube

        basmedia.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды көшіріп басу кезінде basmedia.kz сайтына тікелей гиперсілтеме көрсетуді талап етеді



        Барлық құқықтары қорғалған. ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігіне 20.01.2022 ж. тіркелген. Тіркеу туралы куәлік №KZ71VPY00045020 Электронды почта: mediab@internet.ru

No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік

on7news.kz ақпарат агенттігі