basmedia.kz
Маңызды жаңалықтарды
бізге WhatsApp арқылы жіберсеңіз болады:
+7 (705) 121-66-56
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Заң
  • Экономика
  • Білім
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Жаңа Қазақстан
  • Әлемде
No Result
View All Result
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Заң
  • Экономика
  • Білім
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Жаңа Қазақстан
  • Әлемде
No Result
View All Result
basmedia.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Шымкент – өндірістік инвестицияға басымдық береді

Шілде 24, 2021
in Жаңалықтар
0
Шымкент – өндірістік инвестицияға басымдық береді
0
SHARES
16
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтеновтің жетекшілігімен инвестициялық штабтың кезекті отырысы өтті. Онлайн форматта өткен жиынға салалық басқарма басшылары мен аудан әкімдері, іскерлік орта өкілдері қатысты.

Жиын барысында агроиндустриялық аймақты құру жөніндегі жұмыстың барысы, инвестициялық жобалардың таныстырылымы мен оларды іске асыру барысындағы ұйымдастырушылық мәселелер, штаб отырыстарында берілген хаттамалық тапсырмалардың орындалуы талқыланды.

Қала әкімі М.Әйтенов агроиндустриялық аймақ орналасатын аумақтың инфрақұрылымдық әлеуетін толық зерделеуді тапсырды. Берілетін электр энергиясының қуатын, су көздерінің қорын есептеу бойынша нақты жұмыстар атқарылуы керектігіне көңіл бөлді.

Штаб отырысын қорытындылаған қала басшысы М.Әйтенов Шымкенттің заманауи мегаполис ретінде қалыптасуы инвестиция арқылы жүзеге асатынын жеткізді. Инвесторлар тарту арқылы қала экономикасы серпін алады. Инвестиция тартуға жауапты құрылымдар құрылыс нарығымен шектеліп қалмай, өндірістік жобаларды іздестіруде белсенділік танытуы керек екендігін еске салды. Өндіріс орындарын ашу арқылы тұрақты жұмыс орындары ашылып, экономика үлесінде жергілікті тауарлардың үлесі артатынын, қала тұрғындарының тұрмыстық ахуалы жақсаратынын мәлімдеді. Барлық сала жетекшілерін осы бағытта нәтижелі жұмыстар жүргізуге шақырды.

Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

Tags: 3 мегаполисинвестицияиндустрияМұрат Әйтеновшымкент
Previous Post

Шымкент : Рысқұлов - Қонаев көшелерінің қиылысындағы жолайрық құрылысы қала әкімінің жіті бақылауында

Next Post

Шымкентте агро саланы дамыту бойынша инвестициялық жобалар жүзеге асады

Пікір үстеу Жауапты болдырмау

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Facebook Twitter Instagram Youtube

        basmedia.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды көшіріп басу кезінде basmedia.kz сайтына тікелей гиперсілтеме көрсетуді талап етеді



        Барлық құқықтары қорғалған. ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігіне 20.01.2022 ж. тіркелген. Тіркеу туралы куәлік №KZ71VPY00045020 Электронды почта: mediab@internet.ru

No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік

on7news.kz ақпарат агенттігі