basmedia.kz
Маңызды жаңалықтарды
бізге WhatsApp арқылы жіберсеңіз болады:
+7 (705) 121-66-56
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Заң
  • Экономика
  • Білім
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Жаңа Қазақстан
  • Әлемде
No Result
View All Result
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Заң
  • Экономика
  • Білім
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Жаңа Қазақстан
  • Әлемде
No Result
View All Result
basmedia.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Кәсіпкерлік : Шымкентте ылғалды майлықтар шығарылады

Шілде 27, 2021
in Жаңалықтар
0
Кәсіпкерлік : Шымкентте ылғалды майлықтар шығарылады
0
SHARES
9
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

«Билал» өндірістік кооперативі 1997 жылы құрылған. Бүгінде тарихы терең, серіктестерімен тығыз қарым-қатынас орнатқан компания. Алғашында гигиеналық құралдардың түрлерін шығара бастаған.

Ал қазір кәсіпорын жұмсақ лосьоны бар әмбебап ылғалды майлықтар шығарумен айналысады.  Оны «Luna Fresh» сауда таңбасымен сатылымға шығарады.

«Luna Fresh» ылғалды майлықтары теріні тазартады және сергітеді. Бұл қолдың, бет пен дененің терісіне күнделікті күтім жасау үшін өте қолайлы. Майлықтар антибактериалды лосьонмен сіңдірілген жұмсақ сырғымайтын материалдан жасалған. Компания бір реттік  майлықтарды – 15, 25, 72 және 120 данадан тұратын пакеттерді дайындады. Дайын өнімдер дәріханаларда, емханаларда және қарапайым дүкендерде сатылады.

– Қазіргі уақытта компанияда 30-дан аса жұмысшы бар. Олардың әрқайсысы біздің компанияның дамуы үшін барын салады. Өнімдердің сапасын үнемі бақылап отырамыз және клиенттерімізге жоғары сапаға 100% кепілдік береміз, – дейді компания басшысы Гаджи Гаджиев.

Мекеме «БЖК-2025» мемлекеттік бағдарламасы арқылы төмен пайызбен айналым қаражатын толықтыруға және жабдықты сатып алуға несие алады. Бүгінгі күні компания дизайны басқа қосымша өнімдерді шығаруды жоспарлап отыр.

Басты мақсаттарының бірі Орталық Азиядағы өнімдер нарығын жаулап алу және Қазақстанның ең жақсы және бәсекеге қабілетті кәсіпорындарының бірі болу дейді.

Қосымша ақпарат үшін: +7 (725) 243-36-79,  +7 (705) 441-03-42, info@bilal.kz

Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

Tags: 3 мегаполис«Билал» өндірістік кооперативібизнескәсіпкерлікшымкент
Previous Post

Шымкент : «Нұрлы жер» бағдарламасымен 500 тұрғын үй сертификатына өтінім қабылдау басталды

Next Post

Шымкент : Тамыз айында 80-ге жуық отбасы жалдамалы тұрғын үймен қамтылады

Пікір үстеу Жауапты болдырмау

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Facebook Twitter Instagram Youtube

        basmedia.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды көшіріп басу кезінде basmedia.kz сайтына тікелей гиперсілтеме көрсетуді талап етеді



        Барлық құқықтары қорғалған. ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігіне 20.01.2022 ж. тіркелген. Тіркеу туралы куәлік №KZ71VPY00045020 Электронды почта: mediab@internet.ru

No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік

on7news.kz ақпарат агенттігі