basmedia.kz
Маңызды жаңалықтарды
бізге WhatsApp арқылы жіберсеңіз болады:
+7 (705) 121-66-56
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Заң
  • Экономика
  • Білім
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Жаңа Қазақстан
  • Әлемде
No Result
View All Result
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Заң
  • Экономика
  • Білім
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Жаңа Қазақстан
  • Әлемде
No Result
View All Result
basmedia.kz
No Result
View All Result
Home Cаясат

Шымкент : Сенаторлар мәслихат депутаттарымен кездесті

Тамыз 2, 2021
in Cаясат
0
Шымкент : Сенаторлар мәслихат депутаттарымен кездесті
0
SHARES
15
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

Қазақстан Республикасы Парламент Сенатының депутаттары Нұрлан Құдиярұлы Бекназаров пен Айгүл Жарылқасынқызы Қапбарова арнайы іс сапармен келіп, Шымкент қаласы мәслихатының депутаттарымен кездесті. Кездесуге депутаттардың басым көпшілігі пандемияға байланысты онлайн түрде ZOOM арқылы қатысты. Жиынды Шымкент қаласы мәслихатының хатшысы Бахадыр Мәдәліұлы Нарымбетов жүргізіп, депутаттар тарапынан бірнеше өзекті сауалдар қойылып шешу жолдары талқыланды. Атап айтар болсақ әлеуметтік, экономикалық, медицина, тұрғын үй, кәсіпкерлік, сонымен қатар қаламыздағы бірнеше басым бағыттар бойынша сауалдар қойылды. Өз кезегінде сенаторлар Парламент жоғарғы палатасының осы уақытқа дейін атқарған жұмыстарын және қабылданған заңдардың маңызы туралы егжей тегжейлі хабардар етті.
Шымкент қаласы мәслихатының депутаттары жергілікті атқарушы органдарына инфрақұрылымдық жүйелерге қатысты жоспарлау мәселелері бойынша және медицина саласына дербес құзырет беруге қатысты қажетті заңдарға өзгеріс енгізу мәселесі де көтерілді.
Н.Бекназаров және А.Қапбарова мәслихат депутаттары көтерген сауалдар мен ұсыныстарды жан-жақты қарап, мәселелерді толықтай зерделегеннен кейін Парламенттің жұмысы барысында шешуге ықпал ететіндігін жеткізді.
Сондай-ақ, жиынға қатысқан мәслихат депутаттарына осы бағытта кешенді шараларды іске асыру үшін жұмыла жұмыс істеуге шақырды.
Жиын соңында мәслихат депутаттарының сауалдарына Сенат депутаттары жауап беріп, ұсыныстарын Парламент отырыстарында көтеріп, депутаттық сауал жолдайтындығын жеткізді.

Tags: 3 мегаполисБахадыр НарымбетовмәслихатСенаторларшымкент
Previous Post

Шымкент : Асар-2 шағын ауданына биыл табиғи газ беріледі

Next Post

Обсуждена санитарно-эпидемиологическая ситуация в регионах

Пікір үстеу Жауапты болдырмау

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Facebook Twitter Instagram Youtube

        basmedia.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды көшіріп басу кезінде basmedia.kz сайтына тікелей гиперсілтеме көрсетуді талап етеді



        Барлық құқықтары қорғалған. ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігіне 20.01.2022 ж. тіркелген. Тіркеу туралы куәлік №KZ71VPY00045020 Электронды почта: mediab@internet.ru

No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік

on7news.kz ақпарат агенттігі