Шымкентте инвестицияның артуына индустриялық аймақ, көлік-логистикалық аймағы және «Оңтүстік» арнайы экономикалық аймағы зор үлесін қосып келеді. Бүгінде «Оңтүстік» индустриалды аймағында 72 жоба іске қосылып, онда 4,5 мыңға жуық жұмыс орындары ашылды және оған 62,0 млрд. теңгенің инвестициясы тартылды. Ал, «Тассай» индустриалды аймағында жалпы құны 26,3 млрд. теңгелік 17 жоба іске қосылып, онда 1 мыңға жуық жұмыс орындары ашылды.
Көлік логистикалық аймағында 32,5 млрд.теңгеге 53 жұмыс орнын құрумен 8 жоба жүзеге асырылуда. Бүгінде 15,9 млрд. теңгеге 225 жұмыс орнын құрумен 3 жоба жүзеге асырылған.
«Оңтүстік» арнайы экономикалық аймағында жалпы инвестиция көлемі 42,9 млрд. теңге тұратын 25 жоба іске асырылып, 2,3 мыңға жуық жұмыс орындары құрылды.
Жиынды қорытындылаған қала әкімі Шымкентті инвесторлар үшін тартымды қала қылу үшін барлық жағдайды жасап, инвестициялық жобаларға ерекше көңіл бөлу керектігін айтты. Индустриялды аймақтарға қолға алынған жобаларға тұрақты мониторинг жұмыстарын жүргізіп, мәселелерін шешуде мемлекеттік қолдаулар көрсетілуін тапсырды. Апта сайын өткізілетін инвестштабта берілген тапсырмалардың орындалуын қатаң бақылап отыратынын жеткізді.
Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі