basmedia.kz
Маңызды жаңалықтарды
бізге WhatsApp арқылы жіберсеңіз болады:
+7 (705) 121-66-56
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Заң
  • Экономика
  • Білім
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Жаңа Қазақстан
  • Әлемде
No Result
View All Result
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Заң
  • Экономика
  • Білім
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Жаңа Қазақстан
  • Әлемде
No Result
View All Result
basmedia.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Мұрат Әйтенов: Нарықта бәсекеге қабілетті және экспортқа бағытталған өнімдер өндірісін ұлғайту қажет

Тамыз 6, 2021
in Жаңалықтар
0
Мұрат Әйтенов: Нарықта бәсекеге қабілетті және экспортқа бағытталған өнімдер өндірісін ұлғайту қажет
0
SHARES
12
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов қалалық ауыл шаруашылығы және ветеринария басқармасының басшысы А.Қаныбековті қабылдап, алты айда атқарған жұмыстарының есебін тыңдады.

Басқарма басшысы өз баяндамасында Шымкент қаласында 2021 жылдың қаңтар-маусым айларында ауыл шаруашылығының жалпы өнім көлемі 17,2 млрд. теңгені құрап, өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 3095 млн. теңгеге артқанын айтты. Нақты көлем индексі 102,1 пайызды құрағанын жеткізді.

«Сонымен бірге ауыл шаруашылығы өнімдері экспортының көлемі 70 млн. АҚШ долларын құрап,  өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 14,5 млн. АҚШ долларына артқан. Нақты көлем индексі  126 пайызды құрап отыр. Өткен жылдың осы кезеңінде  55,5 млрд. АҚШ долларын құрайтын ауыл шаруашылығы өнімі экспортталған болатын»,-деді А.Қаныбеков.

Биылғы жылы 29,3 мың гектар жерге ауыл шаруашылық дақылдары егілген.  Оның ішінде  дәнді дақыл 12,9 мың гектарға, майлы дақыл 3,8 мың га, мал азығы 8,9 мың га, көкөніс пен бақша 3 мың га, картоп  0,7 мың гектарға егілген екен. Нәтижесінде 11,2 мың тонна дәнді дақыл, 0,8 мың тонна майлы дақыл, 33,2 мың тонна көкөніс, 3,1 мың тонна картоп, 12 мың тонна мал азықтық дақылдар яғни барлығы 60,3 мың тонна ауыл шаруашылығы дақылдары жиналған.

Өз кезінде қала әкімі нарықта бәсекеге қабілетті және экспортқа бағытталған өнімдер өндірісін ұлғайту қажет екенін айтып, бұл бағыттағы жұмысты жандандыруда қалада құрылып жатқан екі бірдей агро-индустриалды аймақты пайдалануды айтты.

Айта кетейік, оны бірі – заманауи өнеркәсіптік жылыжай кешені болса, екіншісі – «Бозарық» тамақ өнеркәсібі индустриалды аймағы.

Есепті жиын соңында Мұрат Әйтенов ауыл шаруашылығы саласына берілетін қолдауларды тиімді пайдалана отырып, қызушылық танытқан шаруалардың жобаларын жүзеге асыруда белсенділік танытуды тапсырды.

Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

Tags: 3 мегаполисАуыл шаруашылығыМұрат Әйтеновшымкент
Previous Post

Шымкент әкімі Тұран шағын ауданындағы мектеп құрылысымен танысты

Next Post

Шымкентте жыл басынан бері ауыл шаруашылығы саласында 14 инвестициялық жоба іске қосылды

Пікір үстеу Жауапты болдырмау

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Facebook Twitter Instagram Youtube

        basmedia.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды көшіріп басу кезінде basmedia.kz сайтына тікелей гиперсілтеме көрсетуді талап етеді



        Барлық құқықтары қорғалған. ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігіне 20.01.2022 ж. тіркелген. Тіркеу туралы куәлік №KZ71VPY00045020 Электронды почта: mediab@internet.ru

No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік

on7news.kz ақпарат агенттігі