basmedia.kz
Маңызды жаңалықтарды
бізге WhatsApp арқылы жіберсеңіз болады:
+7 (705) 121-66-56
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Заң
  • Экономика
  • Білім
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Жаңа Қазақстан
  • Әлемде
No Result
View All Result
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Заң
  • Экономика
  • Білім
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Жаңа Қазақстан
  • Әлемде
No Result
View All Result
basmedia.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Шымкент : 30 азаматтың тұрғын үй сертификаты бойынша өтінімі мақұлданды

Тамыз 6, 2021
in Жаңалықтар
0
Шымкент : 30  азаматтың  тұрғын үй сертификаты бойынша өтінімі мақұлданды
0
SHARES
8
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

Шымкент қаласы бойынша «Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламасы аясында жеңілдетілген пайызбен несиелік бағытта баспана алуды көздеген азаматтар қатары көбеюде. Бүгінгі таңда банктің ипотекалық қарыз шартын мақұлдау туралы хаты негізінде тұрғын үй сертификатын иеленген азамттар саны 30-ға жетті.

Бұл туралы Шымкент қалалық тұрғын үй басқармасының жекешелендіру және несиелік тұрғын үй бөлімінің басшысы Гүлнар Әшірбаева БАҚ өкілдеріне берген сұхбатында мәлімдеді.

Әзірге тұрғын үй сертификатының талаптары мен шарттарына сәйкес келген қала тұрғындарының басым көпшілігі «Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламасының   «Бақытты отбасы» несиелік бағытының  қатысушылары.

Қазіргі таңда www.кezekte.kz интернет порталы арқылы  жалпы саны  336 азаматтан тұрғын үй сертификатына өтінім келіп түскен. Оның ішінде 268 өтінім бойынша тұрғын үй сертификатын берудің жалпы талаптары мен шарттарына сәйкес келмеуі себепті бас тартылған.

Атап айтсақ, 178 азамат құжаттарын толық жібермеген. 11 өтінім иесінің деректері анық емес, ал 79 азаматтың өтінімі тұрғын үй сертификатының талаптары мен шарттарына мүлде сәйкес келмеген.

Құжаттарын толық жібермеген және деректері анық емес азаматтар  тұрғын үй сертифкатына қайта өтінім жібере алады.

Шымкент қаласында тұрғындарды несиелік бағытта баспанамен қамту бойынша жүйелі іс-шаралар белсенді жүргізілуде.

Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

Tags: 3 мегаполис«Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламасытұрғын үйшымкент
Previous Post

Шымкент : «Тәуелсіздікке – 20 жыл» тұрғын алабында 39 көшеге шағал тас төселді

Next Post

Шымкентте өнеркәсiп саласы қарқынды дамып келеді

Пікір үстеу Жауапты болдырмау

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Facebook Twitter Instagram Youtube

        basmedia.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды көшіріп басу кезінде basmedia.kz сайтына тікелей гиперсілтеме көрсетуді талап етеді



        Барлық құқықтары қорғалған. ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігіне 20.01.2022 ж. тіркелген. Тіркеу туралы куәлік №KZ71VPY00045020 Электронды почта: mediab@internet.ru

No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік

on7news.kz ақпарат агенттігі