basmedia.kz
Маңызды жаңалықтарды
бізге WhatsApp арқылы жіберсеңіз болады:
+7 (705) 121-66-56
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Заң
  • Экономика
  • Білім
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Жаңа Қазақстан
  • Әлемде
No Result
View All Result
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Заң
  • Экономика
  • Білім
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Жаңа Қазақстан
  • Әлемде
No Result
View All Result
basmedia.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Шымкент: Жұмыспен қамту орталықтарында ұлттық халық санағына онлайн қатысуға болады

Тамыз 7, 2021
in Жаңалықтар
0
Шымкент: Жұмыспен қамту орталықтарында ұлттық халық санағына онлайн қатысуға болады
0
SHARES
10
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

Шымкент қалалық жұмыспен қамту орталығының барлық аудан бөлімшелерінде ұлттық халық санағына қатысуға арналған бұрыштар ұйымдастырылған. Яғни, тұрғындарға өзіне-өзі қызмет көрсету бұрыштарында онлайн түрде қатысуға мүмкіндік жасалынбақ. Санитарлық талапқа сәйкес, бөлімшелерге «Ashyq» қосымшасы арқылы кіруге міндеттелген. Қазіргі таңда маңызы зор іс-шараға дайындықтар жүргізілуде.

Еліміз тәуелсіздік алғалы бері үшінші рет өткізілгелі отырған халық санағы бұл жолы екі әдіспен жүргізіледі: онлайн-санақ және дәстүрлі тұрғындардың үйлерін аралау арқылы.

Онлайн түрде тұрғындар санақтан 1 қыркүйек – 15 қазан аралығында sanaq.gov.kz сайты арқылы өте алады.

Арнайы сайт арқылы санақтан өту үшін азаматтың ЭЦҚ (электрондв цифрлық қолтаңбасы) және ЖСН-ы (жеке сәйкестендіру нөмірі) болуы тиіс. Интернет арқылы тіркелген респонденттерді интервьюерлер екінші рет сауалнамадан өткізбейді.

Айта кетсек, ұлттық халық санағының 1-кезеңінде шаһарда санақ жүргізушілер тұрғын үйлер мен онда тұратын тұрғындардың санын нақтылау мақсатында әрбір елдімекенді аралап, аудандастыруға дайындықты қарқынды жүргізген болатын.

Нақты есеп нәтижесі ұлттық санақтың 2-кезеңінен соң мәлім болады. Ол 1 қыркүйектен 30 қазанға дейін созылады.

Ал, 1-30 қазан аралығында санақ кезінде персоналдары үй-үйді аралайтын болады. Тұрғындардың мәліметтері планшеттерге енгізіледі.

Ұлттық статистика бюросының Шымкент қаласы бойынша департаментінің мәліметінше, санақ жұмыстарына Шымкентте 1490 санақ персоналы, яғни 186 нұсқаушы-бақылаушы және 1304 интервьюерді жұмылдыру жоспарланған. Қауіпсіздік мақсатында санақ жүргізуге тартылған азаматтар тек вакцина ектіргендерден жасақталады.

 

Previous Post

Шымкент : Әл-Фараби ауданында көгалдандыру жұмыстарына басымдық берілген

Next Post

Шымкентте жыл соңына дейін 2 мыңнан астам кәсіпкерге мемлекеттік қолдау көрсетіледі

Пікір үстеу Жауапты болдырмау

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Facebook Twitter Instagram Youtube

        basmedia.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды көшіріп басу кезінде basmedia.kz сайтына тікелей гиперсілтеме көрсетуді талап етеді



        Барлық құқықтары қорғалған. ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігіне 20.01.2022 ж. тіркелген. Тіркеу туралы куәлік №KZ71VPY00045020 Электронды почта: mediab@internet.ru

No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік

on7news.kz ақпарат агенттігі