basmedia.kz
Маңызды жаңалықтарды
бізге WhatsApp арқылы жіберсеңіз болады:
+7 (705) 121-66-56
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Заң
  • Экономика
  • Білім
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Жаңа Қазақстан
  • Әлемде
No Result
View All Result
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Заң
  • Экономика
  • Білім
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Жаңа Қазақстан
  • Әлемде
No Result
View All Result
basmedia.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Шымкентте 2 мыңға жуық жұмыскердің жалақы қарызы өтелді

Тамыз 10, 2021
in Жаңалықтар
0
Шымкентте 2 мыңға жуық жұмыскердің жалақы қарызы өтелді
0
SHARES
8
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

Бүгін Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов қалалық мемлекеттік еңбек инспекциясы басқармасының басшысы Бауыржан Қалжановтың бірінші жартыжылдықта атқарған жұмыстары бойынша есебін тыңдады.

Басқарма басшысының айтуынша, есепті кезеңде бірыңғай ақпарат орталығы арқылы еңбек қатынастары, өндірістік қауіпсіздік саласына қатысты 23 хабарлама түсіп, барлығы мерзімінде орындалған. Сонымен бірге осы уақыт ішінде жалпы 584 арыз-шағымдар мен түсіндірме беру жөнінде өтініштер қаралып, тиісті жауаптар берілген.

«Мемлекеттік еңбек инспекторларымен 104 тексеру жүргізіліп, 182 заңбұзушылық анықталып, 68 нұсқама берілген. Тексеру нәтижелерімен 4,5 млн. теңге көлемінде 25 әкімшілік айыппұл салынып, 21 қозғалған әкімшілік іс бойынша 2,9 млн. теңге айыппұл өндірілген. Бірқатары мерзімі келмеуіне байланысты бақылауда»,-деді Б.Қалжанов.

Есепті кезеңде өңіріміз бойынша 5 кәсіпорында 90 жұмыскерге 15 млн. теңге жалақы қарызы бар екенін баяндаған басқарма басшысы бұл бойынша тиісті жұмыстар жүргізіліп жатқанын атап өтті.

Одан бөлек, Басқарманың мемлекеттік еңбек инспекторымен атқарылған жұмыстар нәтижесінде жыл басынан бері 35 кәсіпорындағы 1960 жұмыскердің 166,5 млн. теңге көлемінде жалақы қарыздары өтеліп, жұмыскерлердің әлеуметтік құқықтары қорғалған.

Еңбек инспекциясы басқармасының алты айда атқарған жұмыстарын тыңдаған қала әкімі индикаторлардың орындалуын қадағалауды тапсырды. Әрбір еңбек етуші өзінің қорғаушысы бар екенін сезінуі үшін басқарманың статусымен, танымалдылығын арттыру қажет екенін назарға алды.

«Еңбегі қорғалмаған адам кімге шағымданатынын білуі керек. Шағым шешімін тауып жатуы тиіс. Бұл процес жарнамаланып отыруы керек. Қысқаша, халық бұл басқарманы тануы қажет. Яғни, меже белгілі болмай, кез келген жұмыста жүйе болмайды»,-деді әкім.

Еңбекті қорғауда халықаралық тәжірибелерді зерделеп, оң үрдістерін бізде қолдану бойынша қала әкімінің берген тапсырмасына сәйкес Еуроодақ, АҚШ, Жапония елдерінің тәжірибелері зерделеніпті. Осының негізінде жұмысшылардың еңбек құқықтарын қамтамасыз етуге бағытталған барлық хабарламаларды ескеру бойынша жоба іске қосылды. Ұқсас жоба АҚШ – да тиімді іске асырылып келеді. Осы мақсатта Мемлекеттік еңбек инспекциясы басқармасы және Шымкент қаласының ситуациялық орталығының арасында меморандум түзілді. Меморандум түзілгеннен кейін Ситуациялық орталықтан 7 хабарлама түсті, оның үшеуі аноним.

Бұл бағыттағы жұмыстар жалғасын табатын болады.

Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

 

Tags: 3 мегаполис
Previous Post

АБАЙ ҚҰНАНБАЕВТЫҢ МЕРЕКЕСІ ҰЛЫҚТАЛДЫ

Next Post

Шымкентте Аshyq жобасына қатысушылардың жұмыс уақыты ұзартылды

Пікір үстеу Жауапты болдырмау

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Facebook Twitter Instagram Youtube

        basmedia.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды көшіріп басу кезінде basmedia.kz сайтына тікелей гиперсілтеме көрсетуді талап етеді



        Барлық құқықтары қорғалған. ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігіне 20.01.2022 ж. тіркелген. Тіркеу туралы куәлік №KZ71VPY00045020 Электронды почта: mediab@internet.ru

No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік

on7news.kz ақпарат агенттігі