Шымкент қаласы білім басқармасының басшысы Тажиева Жанат Арысбекқызы Шымкент қаласында пікірсайыс қозғалысы бойынша атқарылған жұмыстар туралы Республикалық онлайн жиынында баяндады. Аталмыш жиынға Президент Әкімшілігі басшысының бірінші орынбасары Д. Абаев, Білім және ғылым министрі А. Аймағамбетов, сондай-ақ Республикамыздың барлық өңірлерінің білім басқармасының басшылары қатысты. Ағымдағы жылы Шымкент қаласындағы 151 мектеп және 30 колледжде 215 дебат клубтары ашылып, көрсеткіш 85%-ды құрап, оған 12 500-ге жуық оқушы тартылды. 2022 жылдан жекеменшік 53 мектеп, 22 колледждерді де қамти отырып, бұл көрсеткішті 100%-ға жеткізу жоспарланып отыр. Сондай -ақ әдістемелік орталық жанынан дебаттық қозғалысты дамыту үшін үйлестіру кеңесі құрылды.
Шымкент қаласы білім басқармасының баспасөз қызметі.