basmedia.kz
Маңызды жаңалықтарды
бізге WhatsApp арқылы жіберсеңіз болады:
+7 (705) 121-66-56
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Заң
  • Экономика
  • Білім
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Жаңа Қазақстан
  • Әлемде
No Result
View All Result
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Заң
  • Экономика
  • Білім
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Жаңа Қазақстан
  • Әлемде
No Result
View All Result
basmedia.kz
No Result
View All Result
Home Cаясат

Ата заңға құрмет – адал қызмет!

Тамыз 14, 2021
in Cаясат
0
Ата заңға құрмет – адал қызмет!
0
SHARES
13
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

Ата заңымыз – еліміздің егемендігін  айқындайтын басты төлқұжаты. Халықтың өзі дауыс беріп, қабылдаған Ата заңымыз өркениетті мемлекеттің барлығына тән демократиялық қағидалармен толық қамтылған.  Конституция бірлігіміздің бекемдігін, мемлекеттік құрылыс пен еліміздің тұтастығын нақтылап берді. Ел тәуелсіздігінің отыз жылдығы қарсаңында Конституцияның мемлекет іргесін нығайтып, әлем елдерімен терезесін тең ұстаудағы беделін  бедерлеп, ұлтымызға сенімді серпін берген, тұрақтылыққа тегеурін болып келе жатқаныдығын айту керек. Сол үшін де Қазақстан Республикасының Конституциясы әлемдегі жалпыадамзаттық құндылықтарды дәріптейтін ең үздік 50 конституцияның бірі болып саналады екен.

Тауқымет жылдар мен сындарлы сәттерді басынан өткерген еліміздің тарих беттеріне үңілер болсақ,  хандық билік кезінде де Заңдар жинағы жарық көрген. «Қасым ханның қасқа жолы», «Есім ханның ескі жолы», Әз Тәукенің «Жеті жарғысы» – ел арасындағы түрлі мәселелерді заңмен реттеудің тиімділігін көрсеткен.Бұл жөнінде Елбасы «Қазақстандық жол» атты кітабында: «1995 жылғы Конституция тақыр жерде пайда болған жоқ. Ол егемен Қазақстанда Конституциялық құрылыс орнату үшін бұрыннан жинақталған тәжірибелерді, сондай-ақ біздің жағдайымызға сәйкес келетін ең прогресшіл шетелдік тәжірибелерді барынша толық пайдаланған еді. Сондықтан да, кімде-кім еліміздің Негізгі Заңының рухы мен маңызын терең түсінгісі келсе, оны жасаудың, қалыптастырудың тарихын жақсы білуі керек», — деген болатын.

Біле білсек, заң салтанат құрған қоғамда тынышытық пен береке, мамыражай заман орнайды. Біздің басты міндет Конституцияда көрсетілгендей, Заңның орындалуын қадағалау, мемлекет мүддесін қорғау. Ел игілігінен жеке басының мүддесінен биік көретін кейбір надандар ел тұрмақ мемлекетке қауіп төндіретін әрекеттерге барып жатады. Сол үшін өз қызметімізде қырағы, үздіксіз білім жетілдіруге ұмтылуымыз қажет. Ата заңға қызмет ету деген терең ұғым екенін әрбіріміз түсініп келеміз.

Ғасырлар тоғысында  түрлі ұлт өкілдері Конституция қағидаттары төңірегінде елдіктің арқасында  бір ел, бір халық болып топтастық. Мұның өзі біздің Ата Заңда барлық адамзаттық құндылықтар мен өркениеттік игіліктің барлығы қамтылғанының көрсеткіші.

Бүгінгі уақыттағы  конституциялық нормалар-  Қазақстан халқы үшін сенімді болашақты қамтамасыз ететін даму мен жаңғырудың негізі!Осы мерекеге орай барша елімізде  бейбіт өмір, сәтті бастамалар мен бақ-береке тілеймін!  Әлемді жайлаған мына ахуалда әрбіріңіздің деніңіз сау, бауырлырыңыз бүтін болса екен!

Бағлан Телеу

Шымкент гарнизонының

әскери прокуроры әділет полковнигі

Tags: 3 мегаполисшымкентШымкент гарнизоныәскери прокуратура
Previous Post

Шымкент : Көпқабатты 24 үйдің аулаларында абаттандыру жұмыстары басталды

Next Post

Шымкентте 60 мың тоннадан астам ауыл шаруашылығы дақылдары жиналды

Пікір үстеу Жауапты болдырмау

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Facebook Twitter Instagram Youtube

        basmedia.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды көшіріп басу кезінде basmedia.kz сайтына тікелей гиперсілтеме көрсетуді талап етеді



        Барлық құқықтары қорғалған. ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігіне 20.01.2022 ж. тіркелген. Тіркеу туралы куәлік №KZ71VPY00045020 Электронды почта: mediab@internet.ru

No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік

on7news.kz ақпарат агенттігі