Шымкент қаласында әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарлары бағасын тұрақтандыру шаралары аясында, айналымға қарыз қаражат беру бағыты бойынша «Magnum Cash&Carry» ЖШС-не 1 млрд. теңге, «Грамад» сауда желісіне 800 млн. теңге, «Фиркан» сауда желісіне 300 млн. теңге және «Hermes» ЖШС-не 128 млн. теңгеге келісім-шарттар түзіліп, айналымға қарыз-қаражат берілді.
Келісім-шарттар негізінде, әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына белгіленген бағада сатылуда.
Сонымен қатар, бірінші сұрыпты ұн және қалыпты бөлке нан бағасын тұрақтандыру мақсатында «TURAR» ЖШС-не 505 млн. теңге (4 000 тоннаға жуық бірінші сұрыпты ұн қамтамасыз етіледі), құмшекерге қатысты «Юпекс» ЖШС-не 500 млн.теңге (2 000 тоннаға жуық құмшекер қамтамасыз етіледі) және «Шымкент құс» ЖШС-мен 200 млн.теңгеге келісім-шарт түзілді («Грамад» және «Фиркан» сауда желілерінде 1 санатты жұмыртқаның 10 данасы 322 теңгеден босатылуда).
Нарықта күнбағыс майының өндірісте пайдаланатын шикізаттың (күнбағыс тұқымы көлемінің азаюы) және шикі майға әлемдік бағаның өсуі себебіне бөлшек нарқы өсіп отыр.
Осы орайда, жеке кәсіпкер Момбетшеевке 200 млн. теңге айналымға қарыз қаражат беріліп, келісім-шарт түзілді.
Нәтижесінде 332 мың лирт белгіленген бағада күнбағыс майымен қамтылатын болады.
Сиыр етінің бағасын тұрақты ұстап тұру мақсатында, «Қасқасу-С» шаруа қожалығымен келісім-шарт түзіліп, айналымға қарыз-қаражат беру шаралары атқарылуда.
Қаладағы 4 ірі базар аумағында және тығыз орналасқан аймақтағы 4 орында «Hermes» ЖШС-нің жылжымалы әлеуметтік сауда нүктелері ұйымдастырылып, көкөніс өнімдері белгіленген бағада сатылуда.