basmedia.kz
Маңызды жаңалықтарды
бізге WhatsApp арқылы жіберсеңіз болады:
+7 (705) 121-66-56
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Заң
  • Экономика
  • Білім
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Жаңа Қазақстан
  • Әлемде
No Result
View All Result
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Заң
  • Экономика
  • Білім
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Жаңа Қазақстан
  • Әлемде
No Result
View All Result
basmedia.kz
No Result
View All Result
Home Uncategorized

Шымкент : Халықаралық олимпиададан жүлдемен оралған оқушыға құрмет көрсетілді

Тамыз 17, 2021
in Uncategorized
0
Шымкент : Халықаралық олимпиададан жүлдемен оралған оқушыға құрмет көрсетілді
0
SHARES
15
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

Бүгін Шымкент қаласы химия-биология бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінде география пәнінен өткен Халықаралық олимпиаданың күміс жүлдегері зияткер оқушы Тазабек Еркебұланды жүлдесімен құттықтау рәсімі өтті. Құттықтау рәсіміне Шымкент қаласы білім басқармасының басшысы Жанат Арысбекқызы Тәжиева, Шымкент қаласы химия-биология бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің директоры Кайырбек Сабитұлы Буксукбаев және зияткер оқушы Еркебұланның ата-анасы қатысты.

География пәнінен Халықаралық олимпиада 1996 жылдан бері Халықаралық географиялық одақтың жетекшілігімен өткізіліп келеді. Алғашқы зияткерлік жарыс Гаагада ұйымдастырылса, биыл олимпиада астанасы Ыстамбұл атанып, қашықтан өткізілді. Жеңіс үшін әлемнің 46 елінен 200 оқушы бақ сынасып, оның екеуі Назарбаев Зияткерлік мектептерінің оқушыларына бұйырды – елге бірінші алтынды Ақтөбедегі зияткерлік мектеп оқушысы Рустам Валеев иеленсе, ал күміс медальді Шымкент қаласындағы химия-биология бағытындағы NIS оқушысы Еркебұлан Тазабек жеңіп алды.

Жиында алғы сөз алған Шымкент қаласы білім басқармасының басшысы Жанат Арысбекқызы еліміздің келешегі дарынды жастардың қолында екендігін сөз етіп:

«Бүгінде қаламыздың білім саласы мен білім беру үрдісі жоғарғы деңгейге көтеріліп, біршама жетістіктерге ие болып келеді. Дәл осы білім беру саласының өсіп өркендеуіне себепші біздің қаламыздың білім ордалары, яғни, барлығы мектептердің және білікті ұстаздардың арқасында деп білемін. Білім саласына өзінің едәуір үлесін қосып келе жатқан мектептердің бірі қаламыздағы химия-биология бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебі. Бұған дәлел міне бүгінгі Еркебұландай озат, зияткер оқушылар» – деп, жас Зияткерге сәттілік тіледі. Қалалық білім басқармасының атынан Еркебұланның ата-анасына алғыс хат және зияткер оқушымызға арнайы грамота мен смарт сағаты және кітап сыйға тарту етілді. Әр шәкірттің артында қашан да білікті де білімді ұстаз тұрады, демекші Еркебұланның жетекшісі ХББ NIS-тің география пәні мұғалімі Ақбопе Жаманқұлқызы да құрмет грамотасымен марапатталды.

Сонымен қатар, Шымкент қаласы химия-биология бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің директоры Кайырбек Сабитұлы Буксукбаев мырзаның атынан Еркебұланның ата-анасына арнайы алғыс хат пен гүл шоқтары табыс етілді.

Tags: 3 мегаполисбілім басқармасыЖанат Тәжиевашымкент
Previous Post

Шымкент : «Тұран» шағын ауданында жол құрылысы қарқынды

Next Post

Шымкент : «Асар» шағын ауданында абаттандыру жұмыстары жүргізілуде

Пікір үстеу Жауапты болдырмау

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Facebook Twitter Instagram Youtube

        basmedia.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды көшіріп басу кезінде basmedia.kz сайтына тікелей гиперсілтеме көрсетуді талап етеді



        Барлық құқықтары қорғалған. ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігіне 20.01.2022 ж. тіркелген. Тіркеу туралы куәлік №KZ71VPY00045020 Электронды почта: mediab@internet.ru

No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік

on7news.kz ақпарат агенттігі