basmedia.kz
Маңызды жаңалықтарды
бізге WhatsApp арқылы жіберсеңіз болады:
+7 (705) 121-66-56
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Заң
  • Экономика
  • Білім
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Жаңа Қазақстан
  • Әлемде
No Result
View All Result
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Заң
  • Экономика
  • Білім
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Жаңа Қазақстан
  • Әлемде
No Result
View All Result
basmedia.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Шымкентте жаңа оқу жылы дәстүрлі форматта басталады

Тамыз 17, 2021
in Жаңалықтар
0
Шымкентте жаңа оқу жылы дәстүрлі форматта басталады
0
SHARES
13
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

Ақпараттық-коммуникациялық орталығында Шымкент қалалық Білім басқармасының басшысы Жанат Тәжиеваның қатысуымен брифинг өтті.

Баспасөз мәжілісінде Жанат Арысбекқызы жаңа оқу жылының басталуы туралы сөз қозғады.

– Биылғы оқу жылында қалада білім беру ұйымдары 17-ге артып, 785 мекемеде 350 мыңға жуық білім алушымен басталғалы отыр. Оның ішінде 1-сыныпқа 25 005 бала қабылданды. Мектеп табалдырығын аттаған бұл бүлдіршіндерге «Әліппе» оқулығы табысталады. Осы орайда алғашқы қоңырау мерекесі мектеп ауласында өтеді. Ал оқушылар жаңа оқу жылын дәстүрлі форматта бастайды. Бұл ретте мектеп формасына қойылатын талаптар сақталады. Бірақ білім ордасына классикалық стильдегі ыңғайлы киіммен келуге де рұқсат етіледі. Айта кететін жайт, биыл мектеп формасы үшін бір реттік қаржылай көмек 30 000 теңге көлемінде 57 466 балаға берілді, – деді басқарма басшысы.

Брифингте белгілі болғандай, қаладағы білім ұйымдарында күнделікті термометрия, кварцтау, желдету, дезинфекция және бетперде режимі сақталады. Ал барлық білім ұйымында «Ashyq» жобасы толық қосылған. Осы орайда педагогтер мен техникалық персоналдар 100% (медициналық қарсы көрсетілімдері бар адамдарды қоспағанда) вакцина алған.

Спикердің сөзінше, білім алушы ауырған жағдайда сынып қашықтықтан оқытуға жіберілмек. Науқас және байланыста болған ата-аналар жағдайында балалар қашықтықтан білім алады. Сондай-ақ, «бір сынып – бір кабинет» талаптары сақталады.

Сонымен қатар, Шымкент қаласының мектептеріндегі жалпы компьютер саны – 56 746 дана. Қазіргі таңда қала бойынша мектептерде орта есеппен 1 компьютерге келетін оқушы саны 4-ті құрайды. Ал бүгінде бейнебақылау, турникет және дабыл батырмаларын орнату жұмыстары жүргізілуде.

Айта кетейік, үшінші мегаполисте 2021-2022 оқу жылында мектептерді жаңа модификацияланған жабдықтармен қамтамасыз ету мақсатында 263 кабинет, 178 интерактивті тақта (50-физика, 95-химия, 82-биология, 13-STEM, 23-робототехника кабинеттерін) орнату жұмыстары жүргізілуде. Нәтижесінде, жаңа модификацияланған жабдықтармен қамтылған пән кабинеттер үлесі 62,5 пайызды құрамақ.

 

Tags: 3 мегаполисбілімЖанат Тәжиевашымкент
Previous Post

Шымкент : Рысқұлов көшесіндегі жөндеу жұмыстары жыл соңына дейін аяқталады

Next Post

Шымкентте кәсіпкерлер үшін дағдарысқа қарсы шаралар шеңберінде 1329,5 млн. тенге бөлінген

Пікір үстеу Жауапты болдырмау

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Facebook Twitter Instagram Youtube

        basmedia.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды көшіріп басу кезінде basmedia.kz сайтына тікелей гиперсілтеме көрсетуді талап етеді



        Барлық құқықтары қорғалған. ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігіне 20.01.2022 ж. тіркелген. Тіркеу туралы куәлік №KZ71VPY00045020 Электронды почта: mediab@internet.ru

No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік

on7news.kz ақпарат агенттігі