basmedia.kz
Маңызды жаңалықтарды
бізге WhatsApp арқылы жіберсеңіз болады:
+7 (705) 121-66-56
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Заң
  • Экономика
  • Білім
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Жаңа Қазақстан
  • Әлемде
No Result
View All Result
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Заң
  • Экономика
  • Білім
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Жаңа Қазақстан
  • Әлемде
No Result
View All Result
basmedia.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Инфрақұрылым : Шымкентте биыл 270 шақырыман астам жол пайдалануға беріледі

Тамыз 23, 2021
in Жаңалықтар
0
Инфрақұрылым : Шымкентте биыл 270 шақырыман астам жол пайдалануға беріледі
0
SHARES
10
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

Шымкентте биыл жол құрылысы қарқынды жүріп жатыр. Салаға жауаптылар бұл мақсатқа қаралған қаржы былтырғымен салыстырғанда едәуір артып отыр дейді. Жол саласында атқарылатын құрылыстардың 80 пайыздайы елді мекендердегі ішкі орам көшелерін асфальттауға бағытталған. Жалпы жыл соңына дейін 144 көшеге шағыл тас төселеді. Жол сапасы қала әкімінің тікелей бақылауында тұр.

Әл-Фараби көшесі жалғасының құрылысы қызу жүргізілуде. Көшенің жалпы ұзындығы 7,6 шақырым, ені 43метрді құрайды. Жолдың жүріс бөлігі 4 жолақты. Бүгінде құрылыс жұмыстарының 80% аяқталған. Асфальттің тағы бір қабаты салынып, жол белгілері қойылады.Құрылысшылар қыркүйек айында нысанды толық аяқтап, ел игілігіне береміз деп отыр. Бұл жолды әсіресе Солтүстік саяжай тұрғындары асыға күтіпті.

Бүгінде қалада 100-ден аса нысанда жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Биыл жылдар бойы кезегін күткен ауқымды жобалар атқарылуда. 3 кезеңнен тұратын Қонаев көшесінің жалғасы, Қонаев-Рысқұлов көшелері мен Бәйдібек би-Арғынбеков көшелерінің жолайрық құрылыстары қолға алынып, жұмыстары өндірістік кестеге сай жүргізіліп жатыр дейді салаға жауаптылар. Олардың айтуынша, Шымкентте биыл шалғай елдімекендердегі жолдардың құрылысына басымдық беріліп отыр. Қалада жыл соңына дейін 270 шақырымнан астам жол пайдалануға беріледі.

 

Tags: 3 мегаполисжол жөндеуинфрақұрылымМұрат Әйтеновшымкент
Previous Post

Шымкент: Білім беру ұйымдары жаңа оқу жылына дайын

Next Post

Шымкентте көмірқышқыл газын қайта өңдейтін кәсіпорын салу ұсынылды

Пікір үстеу Жауапты болдырмау

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Facebook Twitter Instagram Youtube

        basmedia.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды көшіріп басу кезінде basmedia.kz сайтына тікелей гиперсілтеме көрсетуді талап етеді



        Барлық құқықтары қорғалған. ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігіне 20.01.2022 ж. тіркелген. Тіркеу туралы куәлік №KZ71VPY00045020 Электронды почта: mediab@internet.ru

No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік

on7news.kz ақпарат агенттігі