basmedia.kz
Маңызды жаңалықтарды
бізге WhatsApp арқылы жіберсеңіз болады:
+7 (705) 121-66-56
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Заң
  • Экономика
  • Білім
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Жаңа Қазақстан
  • Әлемде
No Result
View All Result
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Заң
  • Экономика
  • Білім
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Жаңа Қазақстан
  • Әлемде
No Result
View All Result
basmedia.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Шымкентте «Шаңырақ» тұрғын үй бағдарламасы арқылы 420 пәтер пайдалануға беріледі

Тамыз 23, 2021
in Жаңалықтар
0
Шымкентте «Шаңырақ» тұрғын үй бағдарламасы арқылы 420 пәтер пайдалануға беріледі
0
SHARES
8
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттары, «Nur Otan» партиясы фракциясының мүшелері Берік Оспанов пен Фахриддин Қаратаев Шымкент қаласына арнайы жұмыс сапары барысында Shymkent City шағын ауданындағы көп қабатты үй кешендерінің құрылысы барысымен танысты. Мұнда бүгінде «Damdes Құрылыс invest» ЖШС 10 қабатты 6 үйді салуда. Нысан инвестициялық жоба ретінде «Shymkent» әлеуметтік кәсіпкерлік корпорациясы» АҚ мен «Damdes Құрылыс invest» ЖШС арасындағы келісім-шарт негізінде жүзеге асырылуда. Ұзын-саны 420 пәтерлі бұл үйлер «Шаңырақ», «7-20-25» бағдарламасы бойынша сатылады деп жоспарлануда.

Жұмыс сапары барысында депутат Берік Серікұлы үй нысандарына мемлекет бюджетінен де қаржы қарастырылғандықтан, әлеуметтік мәселелерді де назардан тыс қалдырмау қажеттігін баса атап өтті. Соның ішінде салынып жатқан 420 пәтердің арасынан тұрмысы төмен отбасылар мен мүмкіндігі шектеулі, әлеуметтік әлсіз топтағы азаматтарға да баспана қарастырылу керегін айтып, алдағы уақытта бұл мәселенің оңтайлы шешілу жолдарын нақты қолға алатынын жеткізді.

Ал мердігер мекеме басшысы құрылыс материалдарының күрт қымбаттауына байланысты үй бағасының өсуі мүмкін екенін ашық атап өтті. Мәжіліс депутаты Фахриддин Әбдінабиұлы құрылыс материалдарының басым көпшілігі отандық болғанына қарамастан, бүгінде баспана бағасының өсуіне алаңдаушылық білдіріп, Мәжіліс отырыстарында бұл мәселені көтеру арқылы нарықтағы бағаның тұрақсыздығын анықтайтынын алға тартты. Сондай-ақ, халыққа барынша қолайлы жағдай жасалу қажеттігін жеткізіп, көлік тұрағы мен ойын алаңшасының орналасу аймағын қайта қарастыру бойынша да ұсыныстарын білдірді.

Мәжіліс депутаттарының ұсыныстары Шымкент қаласының әкімі, «Nur Otan» партиясы филиалының төрағасы Мұрат Әйтеновтің назарына ұсынылып, жан-жақты талқылану жоспарланып отыр.

 

Tags: 3 мегаполис«Nur Otan» партиясытұрғын үйШаңырақшымкент
Previous Post

Шымкент : Ынтымақ-2 шағын ауданының тұрғындары биыл сапалы электр қуатымен қамтылады

Next Post

Шымкент : «Шаңырақ» бағдарламасы бойынша несиелік баспанаға өтінімдер қабылдау аяқталады

Пікір үстеу Жауапты болдырмау

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Facebook Twitter Instagram Youtube

        basmedia.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды көшіріп басу кезінде basmedia.kz сайтына тікелей гиперсілтеме көрсетуді талап етеді



        Барлық құқықтары қорғалған. ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігіне 20.01.2022 ж. тіркелген. Тіркеу туралы куәлік №KZ71VPY00045020 Электронды почта: mediab@internet.ru

No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік

on7news.kz ақпарат агенттігі