Сессия отырысына қала әкімі М.Әйтенов, әкімдік мүшелері, аудан әкімдері, тиісті басқарма басшылары, БАҚ өкілдері қатысты. Сессия карантиндік талаптарға сәйкес бейнеконференция режимінде және тікелей онлайн трансляцияда көрсетілді. Кезектен тыс сегізінші сессияны мәслихат хатшысы Бахадыр Нарымбетов ашып, регламентке сәйкес күн тәртібіне енгізілген 6 мәселені талқылады.
Олар;
1.«Жетінші шақырылымдағы Шымкент қаласы мәслихатының кезекті сессиясының төрағасын сайлау туралы» Шымкент қаласы мәслихатының 2021 жылғы 15 маусымдағы №6/54-VII шешімінің күшін жою туралы.
2.«Шымкент қаласы мәслихатының регламентін бекіту туралы» Шымкент қаласы мәслихатының 2018 жылғы 26 қыркүйектегі №38/312-6с шешіміне өзгерістер енгізу туралы.
3. «Шымкент қаласының аумақтық сайлау комиссияларын сайлау туралы» Шымкент қаласы мәслихатының 2019 жылғы 14 қаңтардағы №43/349-6с шешіміне өзгерістер енгізу туралы.
4. «Шымкент қаласы бойынша әлеуметтік мәні бар қатынастардың тізбесін айқындау туралы» 2019 жылғы 11 желтоқсандағы №58/506-6с Шымкент қаласы мәслихатының шешіміне өзгеріс енгізу туралы.
- Шымкент қаласында бағаны тұрақтандыру бағытында атқарылған жұмыстар туралы жергілікті атқарушы органның есебі.
6. Шымкент қаласында мектептер мен мектепке дейінгі білім беру ұйымдарында білім берудің сапасын арттыру шаралары туралы.
Сессия отырысында қаралған мәселелер бір ауыздан қолдау тауып, тиісті шешімдер қабылданды. Сессия соңында қортынды сөз алған қала әкімі М. Әйтенов ұсынылған мәселелердің маңыздылығына тоқталып, келе жатқан 30 тамыз – Қазақстан Республикасының Конституциясы күнімен құттықтады. Сонымен қатар Уфа қаласында өткен Әлем чемпионатына қаламыздың жас спортшысы Ермекбай Бекзат Нүркенұлы қатысып, байрақты бәсекеде 65 келі салмақта еркін күрестен жастар арасындағы Әлем чемпионатының қола жүлдегері атанғанымен құттықтап, Алғыс хат пен 1 миллион теңге сертификатын табыс етті.
Шымкент қаласы мәслихатының баспасөз қызметі