basmedia.kz
Маңызды жаңалықтарды
бізге WhatsApp арқылы жіберсеңіз болады:
+7 (705) 121-66-56
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Заң
  • Экономика
  • Білім
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Жаңа Қазақстан
  • Әлемде
No Result
View All Result
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Заң
  • Экономика
  • Білім
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Жаңа Қазақстан
  • Әлемде
No Result
View All Result
basmedia.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Шымкент : 50 мыңға жуық тұрғыны бар елдімекендер сапалы ауыз сумен қамтылады

Тамыз 26, 2021
in Жаңалықтар
0
Шымкент : 50 мыңға жуық тұрғыны бар елдімекендер сапалы ауыз сумен қамтылады
0
SHARES
10
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

Халықтың өмір сүру сапасын жақсарту мақсатында шағын  аудандарды таза ауыз сумен жабдықтау мәселесі қала әкімінің күн тәртібіндегі басты міндет болып отыр. «Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламасы аясында 2023 жылы халықты 100% таза ауыз сумен қамтамасыз ету жоспарлануда. Осы межеге қол жеткізу үшін елді мекендерге тиісті инфрақұрылымды жеткізу бойынша нақты жоспар бекітіліп, жұмыстар жүргізілуде.

Айта кетейік, бүгінгі таңда қала тұрғындарын орталықтандырылған сумен жабдықтау көрсеткіші 95,6%-ды құрайды. Яғни, қаладағы 81 елді мекеннің бесеуі кестемен, жетеуі тасымалды ауыз сумен, ал 69-ы сапалы ауыз сумен қамтамасыз етілген.

Осы жылы 3 магистралды суаққы, тасымалды суды пайдаланатын 7 елдімекен және ауыз су кестемен берілетін 2 елдімекеннің құрылысы аяқталып, 25,6 мың адам сапалы ауыз суға қол жеткізеді. Нәтижесінде, қамтылу көрсеткіші 98 пайызға өседі.

Шымкент қаласының Солтүстік Батыс бөлігінде орналасқан елдімекендерді ауыз сумен қамту мақсатында жалпы ұзындығы 30 шақырымнан астам болатын үш магистралды суаққының құрылысы жүргізіліп жатыр.

Аталған магистралды су құбырының құрылысы аяқталса Асар-2, Достық, Солтүстік саяжай, Ынтымақ, Ынтымақ-2, Батыс, Қызылжар, Игілік, Жаңаталап, Тәуелсіздікке 20 жыл, Көкбұлақ тұрғын алаптары, яғни онда тұратын 50 мыңға жуық тұрғын толыққанды сапалы ауыз сумен қамтамасыз етіледі деп жоспарлануда.

Бұл бағыттағы жұмыстар жалғасын тауып алдағы жылдары қала тұрғындары тіршілік нәрімен толық қамтылатын болады.

Tags: 3 мегаполисауыз суинфрақұрылымшымкент
Previous Post

Шымкент : Солтүстік саяжай шағын ауданы биыл таза ауыз сумен қамтылады

Next Post

Шымкентте әлеуметтік мәні бар қоғамдық көліктердің тізбесі түзілді

Пікір үстеу Жауапты болдырмау

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Facebook Twitter Instagram Youtube

        basmedia.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды көшіріп басу кезінде basmedia.kz сайтына тікелей гиперсілтеме көрсетуді талап етеді



        Барлық құқықтары қорғалған. ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігіне 20.01.2022 ж. тіркелген. Тіркеу туралы куәлік №KZ71VPY00045020 Электронды почта: mediab@internet.ru

No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік

on7news.kz ақпарат агенттігі