ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Фахриддин Қаратаев шалғай елді мекеннің инфрақұрылымымен танысты. Шымкент қаласы Әл-Фараби ауданының шалғай елді мекендерінде инфрақұрылым мәселесі кезең-кезеңімен шешімін тауып келеді.
Бүгінде Сауле шағын ауданына қарасты 276 орамда ауыз су және электр сымдарын тарту жұмыстары қарқынды жүргізілуде. Әл-Фараби ауданының әкімі Рашид Мыңбаев ҚР Парламенті мәжілісінің депутаты Фахриддин Қаратаевты құрылыс жұмыстарының барысымен таныстырды.
Ағымдағы жылдың маусым айында басталған ауыз су құбырларын тарту жұмыстары жыл соңына дейін аяқталады деп жоспарланған. Оған «Агат» ЖШС-ы жауапты.
Мұндай құрылыс шалғай елді мекендердің бірі саналатын Ақтас-2 шағын ауданында да жүргізілуде.
Ал шілде айында басталған 276 орамдағы электр жарығымен қамтамасыз ету жұмыстары келесі жылға өтпелі.
Сондай-ақ, Мәжіліс депутаты аталған шағын ауданның тұрғындарымен кездесіп, аудан әкімі алдағы уақытта орындалатын жоспарларымен бөлісті.