basmedia.kz
Маңызды жаңалықтарды
бізге WhatsApp арқылы жіберсеңіз болады:
+7 (705) 121-66-56
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Заң
  • Экономика
  • Білім
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Жаңа Қазақстан
  • Әлемде
No Result
View All Result
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Заң
  • Экономика
  • Білім
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Жаңа Қазақстан
  • Әлемде
No Result
View All Result
basmedia.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

БІЛІМ КҮНІ –  БІЛІМ ҰЯСЫ АШЫЛДЫ

Қыркүйек 1, 2021
in Жаңалықтар
0
БІЛІМ КҮНІ –  БІЛІМ ҰЯСЫ АШЫЛДЫ
0
SHARES
11
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

Бүгінгі таңда еліміздің барлық өңірлерінде Білім күні мерекесі ерекше ықыласпен аталып өтуде.

Осы орайда Шымкент қаласында Низамхан жекеменшік мектебі білім күні қарсаңында салтанатты түрде пайдалануға берілді. Салтанатты шараға  Шымкент қаласы мәслихатының хатшысы Бахадыр Нарымбетов қатысып ұстаздарды және  ата-аналар мен оқушыларды құттықтады. Сонымен қатар Бахадыр Мәдәліұлы Қалада 5 жыл алдын аппатты мектептер саны 4 болған. Бүгінгі таңда апатты мектептер мәселесі толық шешілді.

Апатты болып танылған соңғы осы мектептің орнына жаңа мектеп салынып, пайдалануға берілді. Қалада жаңа оқу жылынан бастап 203 мектеп жұмыс жасайды (152 мемлекеттік, 51 жекеменшік).

Шымкент қаласында сапалы білім беруге жағдай жасау мақсатында 2021-2025 жылдарға арналған кешенді жоспар түзілген. Аталған жоспарға сәйкес, 2025 жылға дейін 72 мектеп құрылысы жүргізілетін болады.

Оның ішінде 2021 жылы 12 714 орынға арналған 23 мектеп пайдалануға тапсырылады.

Нәтижесінде, үш ауысымды мектептер саны 14-тен 9-ға азаятынын жеткізді.

Жаңа мектептің қуаттылығы бір ауысымда 1000 бала қабылдауға арналған. Мектеп жаңа талапқа сай жабдықталған. Мектепте 74 оқу бөлмелері бар. Жаңа үлгідегі биология, физика, химия, информатика, мультимедиялы-лингофонды кабинеттер, интерактивті тақталар, кітапхана, асхана, акт, спорт залдары, спорт алаңы, қыздарға және ұлдарға арналған шеберханалармен  қамтылған.

Сонымен қатар, балалардың қауіпсіздігі үшін бейнебақылау жүйелері, турникеттер, дабыл батырмалары және мамандандырылған күзетпен қамтамасыз етілген.

Аталған бағытта мемлекет тарапынан оқушыларымыздың білім алуына  жан-жақты қамқорлық жасалуда.

Шымкент қаласы мәслихатының баспасөз қызметі

Previous Post

Шымкентте «Мектепке жол» акциясы жалғасын табуда

Next Post

Шымкент әкімі «Оңтүстік» айналма жолының құрылысымен танысты

Пікір үстеу Жауапты болдырмау

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Facebook Twitter Instagram Youtube

        basmedia.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды көшіріп басу кезінде basmedia.kz сайтына тікелей гиперсілтеме көрсетуді талап етеді



        Барлық құқықтары қорғалған. ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігіне 20.01.2022 ж. тіркелген. Тіркеу туралы куәлік №KZ71VPY00045020 Электронды почта: mediab@internet.ru

No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік

on7news.kz ақпарат агенттігі