basmedia.kz
Маңызды жаңалықтарды
бізге WhatsApp арқылы жіберсеңіз болады:
+7 (705) 121-66-56
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Заң
  • Экономика
  • Білім
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Жаңа Қазақстан
  • Әлемде
No Result
View All Result
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Заң
  • Экономика
  • Білім
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Жаңа Қазақстан
  • Әлемде
No Result
View All Result
basmedia.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Шымкентте 250 мың халықты қамтитын «Бозарық» электр станциясы іске қосылды

Қыркүйек 2, 2021
in Жаңалықтар
0
Шымкентте 250 мың халықты қамтитын «Бозарық»  электр станциясы іске қосылды
0
SHARES
10
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

Конституция күні аясында Шымкент қаласында 220 кВ электр қуатын беретін «Бозарық» қосалқы электрстанциясы іске қосылды.

Энергокешеннің ашылуына қала әкімі Мұрат Әйтенов қатысып, бұқаралық ақпарат құралдары өкілдеріне нысанның стратегиялық маңызы жөнінде мағлұмат берді.

Құрылыстың соңғы сатысында кешенге электр қуаты беріліп, 72 сағаттық мерзімде техникалық сынақ жұмыстары жүргізіліп, сәтті өткен.

«Бозарық» қосалқы электр станциясы негізгі кешен саналып, ол қуаты 110/35/10 кВ болатын 5 қосалқы электр станцияларының қосылу көзі болып табылады. Осы кешеннен қуат алатын «Нұрсәт», «Астана-1», «Астана-2» қосалқы станцияларының құрылыстары аяқталған.  «1-М-1» станциясының құрылысы жалғасып жатса, «Ынтымақ» қосалқы станциясының жоба-сметалық құжатын әзірлеуге тапсырыс берілген.

Кешеннің іске қосылуымен  Асар-2, Тұран, Ынтымақ-2, Солтүстік саяжай, Батыс, Бозарық, Қайнарбұлақ, Шымкентсити, Достық, Нұрсәт шағын аудандарында электр қуатының сапасы артады.

«Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша салынған бұл кешен 250 мыңнан астам халықты сапалы электр энергиясымен қамтитын болады. Қаламыз ірі өндірістік орталық ретінде қалыптасып отыр. «Бозарық» электр станциясы стратегиялық нысан ретінде шаһардағы электр қуатының жетіспеушілігін шешеді», – деді М.Әйтенов.

Айта кету керек, «Бозарық» қосалқы электр станциясы қаланың құрылысы қарқын алған солтүстік бөлігін электр қуатымен қамтамасыз етпек. Мұнда жаңа шағын аудандар бой көтеріп, жаңа өндірістік аймақтың іргесі қаланған.

Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

Tags: 3 мегаполисБозарықинфрақұрылымМұрат Әйтеновшымкент
Previous Post

Шымкент : Әл-Фараби ауданында «Мектепке жол акциясы» өтті

Next Post

Шымкент : Запущенная подстанция "Бозарык" обеспечит электроэнергией 250 тысяч человек

Пікір үстеу Жауапты болдырмау

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Facebook Twitter Instagram Youtube

        basmedia.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды көшіріп басу кезінде basmedia.kz сайтына тікелей гиперсілтеме көрсетуді талап етеді



        Барлық құқықтары қорғалған. ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігіне 20.01.2022 ж. тіркелген. Тіркеу туралы куәлік №KZ71VPY00045020 Электронды почта: mediab@internet.ru

No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік

on7news.kz ақпарат агенттігі