basmedia.kz
Маңызды жаңалықтарды
бізге WhatsApp арқылы жіберсеңіз болады:
+7 (705) 121-66-56
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Заң
  • Экономика
  • Білім
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Жаңа Қазақстан
  • Әлемде
No Result
View All Result
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Заң
  • Экономика
  • Білім
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Жаңа Қазақстан
  • Әлемде
No Result
View All Result
basmedia.kz
No Result
View All Result
Home Uncategorized

Шымкентте мемлекеттік білім беру бағдарламасы табысты жүзеге асуда

Қыркүйек 2, 2021
in Uncategorized
0
Шымкентте мемлекеттік білім беру бағдарламасы табысты жүзеге асуда
0
SHARES
11
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

Мемлекет басшысының тапсырмасы аясында Шымкент қаласында білім беру инфрақұрылымы дамып келеді. «Тұран» шағынауданындағы жаңадан пайдалануға берілген №79 жалпы орта мектебінің мерекеге арналған «Тәуелсіздік жетістіктері» атты салтанатты жиынында қала әкімі Мұрат Әйтенов осылай деді.

Барша  ұстаздар мен шәкірттерді Білім күнімен және жаңа мектептің ашылуымен құттықтаған қала басшысы мектеп табалдырығын алғаш рет аттап отырған бірінші сыныптың бүлдіршіндеріне сәттілік тілеп, оларға әліппе табыстады.

«Биылғы жаңа оқу жылы Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдық мерейтойы қарсаңында басталғалы отыр. Тәуелсіздік жылдарында Шымкент қаласының білім саласы үлкен жетістіктерге жетті. Осыдан отыз жыл бұрын қалада 69 мың оқушысы бар 72 мектеп болса, қазір 233 мыңнан аса оқушы оқитын 203 мектеп бар. Биылғы оқу жылын қала мектептері 233 879 оқушымен бастағалы отыр. Өткен жылмен салыстырғанда 8 мың оқушыға көп. Оның ішінде 25 мың оқушы алғаш рет мектеп табалдырығын аттады», – деді қала әкімі өз құттықтау сөзінде.

Қала әкімі балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін мектептер бейне бақылау жүйесімен жабдықталып, турникеттер қойылып, дабыл батырмалары орнатылғанын, мектептердің материалдық-техникалық базасын нығайту бойынша жұмыстар жүйелі түрде жүргізіліп келетінін айтты. Сонымен бірге, жаңа модификацияланған жабдықтармен қамтамасыз ету мақсатында 263 кабинет, 178 интерактивті тақта орнату жұмыстары жүргізілді. Нәтижесінде, жаңа модификацияланған жабдықтармен қамтылған пән кабинеттер үлесі 32,5%-дан 65%-ға жетті. Бұл жұмыстар жалғасын табатын болады.

Қала әкімінің қатысуымен ашылған мектепте 897 оқушы білім алатын болады. Шаһар басшысы ауыл қарияларымен бірге жаңа мектепті аралап, ондағы спорт зал, Абай сыныбы, шахмат, еңбек, тігін шерберханалары мен асхананы аралап көрді. Құрылыстың сапасы мен дизайнына мән берген Мұрат Әйтенов мұндағы жұмыстарға оң бағасын берді. Мектеп директорына санитарлық шаралардың сақталуын қамтамасыз етуді тапсырды.

Заман талабына сай жабдықталып, балалардың толыққанды білім алуына, салауатты өмір салтын қалыптастыруына жағдай жасайтын 1200 орындық оқу орны 3 қабаттан тұрады. Екі ауысымда жұмыс жүргізетін мектепте 44 оқу бөлмелері қарастырылған. Бұдан басқа жаңа үлгідегі 8 мультимедиялы-лингофонды кабинет, 3 информатика кабинеті, ол  85 дана компьютер және 3 интерактивті тақтамен жабдықталған. Сондай-ақ, 4 шеберхана  бөлмесі, салауатты өмір салтын қалыптастыруға арналған спорт зал мен балалардың денсаулығын қадағалайтын екі медпункт қарастырылған.

Айта кетейік, пандемияға байланысты білім табалдырығын алғаш аттаған бүлдіршіндер үшін ғана мектеп ауласында алғашқы қоңырау салтанатты жиыны өтті. Қалған сынып оқушыларына санитарлық талаптарды сақтай отырып, сынып сағаты ұйымдастырылды.

Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

Tags: 3 мегаполисбілімЖанат ТәжиеваМұрат Әйтеновшымкент
Previous Post

Шымкентте жасыл аймақты 13000 гектарға ұлғайту жоспарланып отыр

Next Post

В Шымкенте успешно реализуется государственная образовательная программа

Пікір үстеу Жауапты болдырмау

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Facebook Twitter Instagram Youtube

        basmedia.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды көшіріп басу кезінде basmedia.kz сайтына тікелей гиперсілтеме көрсетуді талап етеді



        Барлық құқықтары қорғалған. ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігіне 20.01.2022 ж. тіркелген. Тіркеу туралы куәлік №KZ71VPY00045020 Электронды почта: mediab@internet.ru

No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік

on7news.kz ақпарат агенттігі