basmedia.kz
Маңызды жаңалықтарды
бізге WhatsApp арқылы жіберсеңіз болады:
+7 (705) 121-66-56
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Заң
  • Экономика
  • Білім
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Жаңа Қазақстан
  • Әлемде
No Result
View All Result
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Заң
  • Экономика
  • Білім
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Жаңа Қазақстан
  • Әлемде
No Result
View All Result
basmedia.kz
No Result
View All Result
Home Uncategorized

Шымкентте жаңа оқу жылында 20 жаңа мектеп ашылды

Қыркүйек 2, 2021
in Uncategorized
0
Шымкентте жаңа оқу жылында 20 жаңа мектеп ашылды
0
SHARES
13
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

Шымкент қаласында мемлекеттік білім беру бағдарламасы табысты жүзеге асып жатыр. Биылғы жаңа оқу жылында қалада 20 жаңа мектеп ашылып, 2 мектептің қосымша корпусы аяқталды. Осылайша мегаполисте апатты мектептер жойылып, үш ауысымды мектептер саны 14-тен 9-ға азайды. Жыл соңына дейін тағы 4 жаңа мектеп ашылады.

«Тұран» шағын ауданында ашылған жаңа мектеппен танысу барысында  қала әкімі М.Әйтенов Мемлекет басшысының тапсырмасы аясында Шымкент қаласында білім беру инфрақұрылымы қарқынды дамып келетінін айтты.

– Биылғы жаңа оқу жылы Тәуелсіздігіміздің 30 жылдық мерейтойы қарсаңында басталып отыр. Тәуелсіздік жылдарында Шымкент қаласының білім саласы үлкен жетістіктерге қол жеткізді. Осыдан отыз жыл бұрын қалада 69 мың оқушысы бар 72 мектеп болса, қазір 233 мыңнан аса оқушы оқитын 203 мектеп бар. Биылғы жаңа оқу жылын қала мектептері 233 879 оқушымен бастады. Өткен жылмен салыстырғанда 8 мың оқушыға көп. Оның ішінде 25 мың оқушы алғаш рет мектеп табалдырығын аттап отыр,-деді әкім өз құттықтау сөзінде.

Сонымен бірге қала басшысы 2025 жылға дейін мегаполисте 72 мектеп салу жоспарланғанын айтып, оның ішінде осы жылы 24 мектептің құрылысы салынып, бүгін 20 білім ұйымы пайдалануға берілгенін жеткізді. Бұдан бөлек, екі мектеп жанынан қосымша оқу корпусы салынды. Жыл соңына дейін тағы 4 мектеп ашылады деп күтілуде. Осылайша биылғы жаңа оқу жылын апатты мектепсіз бастап отырмыз деген әкім 2023 жылға дейін қалада үш ауысымды мектеп мәселесі толық шешілетінін мәлім етті.

Сондай-ақ, әкім балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін мектептер видео бақылау жүйсімен жабдықталып, турникеттер қойылып, дабыл батырмалары орнатылғанын, мектептердің материалдық-техникалық базасын нығайту бойынша жұмыстар жүйелі түрде жүргізіліп келетінін атап өтті. Сонымен бірге жаңа модификацияланған жабдықтармен қамтамасыз ету мақсатында 263 кабинет, 178 интерактивті тақта орнату жұмыстары жүргізілді. Нәтижесінде, жаңа модификацияланған жабдықтармен қамтылған пән кабинеттер үлесі 32,5%-дан 65%-ға жетті. Бұл жұмыстар жалғасын табатын болады.

Барша  ұстаздар мен шәкірттерді Білім күнімен және жаңа мектептің ашылуымен құттықтаған Мұрат Әйтенов мектеп табалдырығын алғаш рет аттап отырған бірінші сыныптың бүлдіршіндеріне сәттілік тілеп, оларға әліппе табыстады.

Қала әкімі 1200 орындық оқу кешенін ардагерлермен бірге аралады. Абай сыныбы, STEM-кабинеті, шахмат бұрышы, еңбек шерберханаларымен танысты. Құрылыстың сапасы мен дизайнына мән берген шаһар басшысы жаңа мектепке оң бағасын беріп, мектеп директорына санитарлық шаралардың сақталуын қамтамасыз етуді тапсырды.

Айта кетейік, пандемияға байланысты алғашқы қоңырау іс-шарасы мектеп ауласында білім табалдырығын алғаш аттаған бүлдіршіндер үшін ғана ұйымдастырылды, қалған сынып оқушыларына санитарлық талаптарды сақтай отырып сынып сағаты өтті.

 

 

Tags: 3 мегаполисбіліммектепМұрат Әйтеновшымкент
Previous Post

В Шымкенте успешно реализуется государственная образовательная программа

Next Post

В Шымкенте к новому учебному году открылось 20 новых школ

Пікір үстеу Жауапты болдырмау

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Facebook Twitter Instagram Youtube

        basmedia.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды көшіріп басу кезінде basmedia.kz сайтына тікелей гиперсілтеме көрсетуді талап етеді



        Барлық құқықтары қорғалған. ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігіне 20.01.2022 ж. тіркелген. Тіркеу туралы куәлік №KZ71VPY00045020 Электронды почта: mediab@internet.ru

No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік

on7news.kz ақпарат агенттігі