basmedia.kz
Маңызды жаңалықтарды
бізге WhatsApp арқылы жіберсеңіз болады:
+7 (705) 121-66-56
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Заң
  • Экономика
  • Білім
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Жаңа Қазақстан
  • Әлемде
No Result
View All Result
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Заң
  • Экономика
  • Білім
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Жаңа Қазақстан
  • Әлемде
No Result
View All Result
basmedia.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Шымкент әкімі инфрақұрылым және тұрғын үй мәселесіне қатысты сауалдарға жауап берді

Қыркүйек 2, 2021
in Жаңалықтар
0
Шымкент әкімі инфрақұрылым және тұрғын үй мәселесіне қатысты сауалдарға жауап берді
0
SHARES
13
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов онлайн режимде тұрғындарды кезекті рет жеке мәселелері бойынша қабылдап, сауалдарына жауап берді.

Қабылдауда 8 азаматтың мәселесін тыңдады. Тұрғындар негізінен әлеуметтік сала, жер, инфрақұрылым және баспана мәселесін көтерді.

Қаратау ауданы, Қайтпас-1 шағын ауданының тұрғыны Жангелді Оспанов қоғамдық көлік, аяқ жол, электр жарығы, асфальт төсеу мәселелерін жеткізді.

Қала әкімі қоғамдық көлікті дамытудың кешенді схемасына сәйкес, Қайтпас-1 шағынауданына №4 бағытттың сызбасы бойынша 2021 жылғы қыркүйек айының соңына №104 автобус ұйымдастырылатынын мәлімдеді.

Қайтпас-1 шағын ауданы Мадина аялдамасы бойындағы көшеге асфальт төсеу жұмыстары биыл 1 қазанға дейін толық аяқталатын болады. «Оңтүстік Жарық Транзит» ЖШС тарапынан 2021 жылдың соңына дейін инвестициялық бағдарлама аясында электр желілері жаңартылады. Нәтижесінде, шамамен 230 абонент сапалы электр қуатымен қамтылады.

Ал, Нұрсәт шағынауданының тұрғыны Нұржан Еденбайдың мәселесі бойынша №201 үй маңынан ирригациялық арық салуға алдағы өтетін қала бюджетінің кезекті нақтылауына ұсыныс енгізіледі. Ирригациялық арық салу мақсатында сметалық құжаттамалар әзірленген.

Сондай-ақ, Қаратау ауданының тұрғыны Данияр Сейітжанов мүмкіндігі шектеулі балалардың денсаулығы, білім, әлеуметтік көмек мәселелерін шешетін «Арда» қоғамдық қорының жұмысы туралы ұсынысын жеткізді.

Қала әкімі «Қамқорлық» қоры арқылы аутистік диагнозымен ауыратын балаларға орталық ашу мәселесін шешу бойынша жауапты тұлғаларға 10 күн уақыт берді. Бұл мәселені шешу үшін қала әкімінің бірінші орынбасары Шыңғыс Мұқанға тапсырма берді.

Қызылжар елдімекенінің тұрғыны Арман Бабатаевты баспана мәселесі қинайды. Ол 2015 жылдан бері тұрғын үй кезегінде тұрады.

Қала әкімі мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үй белгіленген тәртіппен кезек арқылы берілетінін атап өтті. Шымкент қаласында бойынша жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар санаты бойынша 60 азаматтың пәтермен қамтылуы жоспарланған болатын. Оның ішінде 25 пәтер пайдалануға берілді. Қалған 35 пәтер құрылыс басқармасы тарапынан пайдалануға тапсырылуына сәйкес, азаматтарға берілетін болады.

Шаһар басшысы кезекті қабылдауда тұрғындар мәселесін шешу үшін басқарма басшыларына, аудан әкімдеріне тиісті тапсырмалар берді.

 

Tags: 3 мегаполисинфрақұрылымМұрат Әйтеновтұрғын үйшымкент
Previous Post

Шымкент : Аулаларды абаттандыру жұмыстарының барысы тұрақты қадағалануда

Next Post

Шымкентте жеңілдетілген пайызбен несиелік баспанаға өтінімдер қабылдау басталды

Пікір үстеу Жауапты болдырмау

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Facebook Twitter Instagram Youtube

        basmedia.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды көшіріп басу кезінде basmedia.kz сайтына тікелей гиперсілтеме көрсетуді талап етеді



        Барлық құқықтары қорғалған. ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігіне 20.01.2022 ж. тіркелген. Тіркеу туралы куәлік №KZ71VPY00045020 Электронды почта: mediab@internet.ru

No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік

on7news.kz ақпарат агенттігі