basmedia.kz
Маңызды жаңалықтарды
бізге WhatsApp арқылы жіберсеңіз болады:
+7 (705) 121-66-56
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Заң
  • Экономика
  • Білім
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Жаңа Қазақстан
  • Әлемде
No Result
View All Result
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Заң
  • Экономика
  • Білім
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Жаңа Қазақстан
  • Әлемде
No Result
View All Result
basmedia.kz
No Result
View All Result
Home Билік

Шымкент : Сәуле шағын ауданындағы 195 орам тұрғындары биыл табиғи газбен қамтылады

Қыркүйек 3, 2021
in Билік
0
Шымкент : Сәуле шағын ауданындағы 195 орам тұрғындары биыл табиғи газбен қамтылады
0
SHARES
11
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

Шымкент қаласының Әл-Фараби ауданы «Сәуле» шағын ауданының тұрғындарына Мемлекет басшысының «Халық бірлігі және жүйелі реформалар – ел өркендеуінің берік негізі» атты Қазақстан халқына Жолдауын насихаттау жиыны өтті.

Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов іс-шараға қатысып, Президент Жолдауының басым бағыттарын атап берді. Сондай-ақ, жиынға ардагерлер, қалалық мәслихат депутаттары, құқық қорғау органдарының басшылары, жастар, БАҚ өкілдері және тұрғындар қатысты.

Қала әкімі тұрғындарға шағын аудандағы 276 және 195 орамдардың инфрақұрылым мәселері бойынша атқарылған жұмыстардан хабардар етті. Мұрат Дүйсенбекұлының мәлімдеуінше, өткен жылы 276 орамда 350 метрге жуық су құбырының қазба жұмыстары жүргізілген болатын. Қазіргі таңда орамды толықтай ауыз сумен қамту үшін 532,5 млн. теңге бөлініп, құрылыс жұмыстары биыл қарашада аяқталады деп  жоспарланған.

Сапалы электр жүйесі бойынша 25 бағана, 2 шақырым желілер және 160 киловаттық трансформатор орнатылды. Электр жарығымен толық қамтамасыз ету мақсатында 982,4 млн теңге бөлініп, бұл жұмыстар 2022 жылдың І тоқсанында аяқталады.

195 орамда инфрақұрылыммен қамтамасыз ету жұмыстары 2020 жылы жүргізілген. Тұрғындарға электр жарығы, ауыз су берілді.  Табиғи газбен қамту үшін 298,7 млн теңге бөлініп, жұмыстарды осы айдың соңында аяқтау жоспарлануда.

Tags: 195 орам3 мегаполисинфрақұрылымМұрат ӘйтеновСәуле шағын ауданы
Previous Post

Мұрат Әйтенов «Сәуле» шағын ауданы 276 орамның инфрақұрылым жағдайымен танысты

Next Post

Еліміздегі ірі мұнай өңдеу зауытының бірі Шымкентте орналасқан

Пікір үстеу Жауапты болдырмау

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Facebook Twitter Instagram Youtube

        basmedia.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды көшіріп басу кезінде basmedia.kz сайтына тікелей гиперсілтеме көрсетуді талап етеді



        Барлық құқықтары қорғалған. ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігіне 20.01.2022 ж. тіркелген. Тіркеу туралы куәлік №KZ71VPY00045020 Электронды почта: mediab@internet.ru

No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік

on7news.kz ақпарат агенттігі