basmedia.kz
Маңызды жаңалықтарды
бізге WhatsApp арқылы жіберсеңіз болады:
+7 (705) 121-66-56
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Заң
  • Экономика
  • Білім
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Жаңа Қазақстан
  • Әлемде
No Result
View All Result
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Заң
  • Экономика
  • Білім
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Жаңа Қазақстан
  • Әлемде
No Result
View All Result
basmedia.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Шымкент : «Жастар практикасы» арқылы 2000-нан астам жас тәжірибе жинады

Қыркүйек 3, 2021
in Жаңалықтар
0
Шымкент : «Жастар практикасы» арқылы 2000-нан астам жас тәжірибе жинады
0
SHARES
9
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

Шымкент қаласында «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасы аясында «Жастар практикасы» бағыты бойынша жұмысқа орналасқандардың бірі – Жанерке Қуандық. Ол былтыр Шымкент көпсалалы колледжінде медбике мамандығы бойынша білім алған.

Жас маман оқу бітірген соң  жұмыссыз мәртебесін алып, биыл мамыр айында халықты жұмыспен қамту орталығы арқылы № 1 қалалық Клиникалық ауруханасына уақытша жұмысқа жолданды.

– Жастар практикасы бағдарламасы арқылы уақытша болса да жұмыс таптым. Қазіргі таңда ауруханада жансақтау бөлімінде көмекші ретінде біліктілігімді арттырып келемін. Жастарды осы бағдарламаға қатысуға шақырамын, – дейді 21 жасар қала тұрғыны.

Жалпы, «Жастар практикасы» уақытша жұмыс орны болып есептелінеді. Жас мамандар үшін тәжірибе жинақтап, жұмысқа орналасуға зор мүмкіндік.

Аталған бағдарламаға 29 жастан аспаған «жұмыссыз» мәртебесі бар және соңғы үш жыл ішінде (2019,2020,2021ж) жоғары оқу орындары мен колледждердің түлектері қатыса алады. Жалақысы 25 АЕК (72 925 тг) құрайды. Бұл бағдарламаға тек бір рет қатысуға болады.

Шымкентте жыл соңына дейін «Жастар практикасымен» 2500 адамды жұмыспен қамту жоспарланса, жыл басынан бері 2176 шымкенттік жастар аталған бағдарламамен түрлі мекемелер мен кәсіпорындарға жолданды.

Tags: 3 мегаполис«Еңбек» мемлекеттік бағдарламасыЖастар практикасышымкент
Previous Post

Еліміздегі ірі мұнай өңдеу зауытының бірі Шымкентте орналасқан

Next Post

Бадам-195 орам тұрғындары қазан айында табиғи газбен қамтылады

Пікір үстеу Жауапты болдырмау

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Facebook Twitter Instagram Youtube

        basmedia.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды көшіріп басу кезінде basmedia.kz сайтына тікелей гиперсілтеме көрсетуді талап етеді



        Барлық құқықтары қорғалған. ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігіне 20.01.2022 ж. тіркелген. Тіркеу туралы куәлік №KZ71VPY00045020 Электронды почта: mediab@internet.ru

No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік

on7news.kz ақпарат агенттігі