basmedia.kz
Маңызды жаңалықтарды
бізге WhatsApp арқылы жіберсеңіз болады:
+7 (705) 121-66-56
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Заң
  • Экономика
  • Білім
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Жаңа Қазақстан
  • Әлемде
No Result
View All Result
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Заң
  • Экономика
  • Білім
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Жаңа Қазақстан
  • Әлемде
No Result
View All Result
basmedia.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Шымкент : Еңбекші ауданында биыл 56 көпқабатты үйдің ауласы абаттандырылады

Қыркүйек 6, 2021
in Жаңалықтар
0
Шымкент : Еңбекші ауданында биыл 56 көпқабатты үйдің ауласы абаттандырылады
0
SHARES
14
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

Шымкент қаласы Еңбекші ауданында «Халық қатысатын бюджет» жобасының аясында 56 көпқабатты үйдің аулалары жаңартылады. Аталған жұмыстарға бюджеттен 890 млн. теңге бөлініп отыр. Бұл туралы аудан әкімі Д.Есілбек ауданда атқарылған жұмыстар барысын қала әкімі Мұрат Әйтеновке таныстыру барысында айтты.

Оның айтуынша, қазіргі таңда 24 көпқабатты үйдің аулаларында абаттандыру жұмыстары жүргізілуде екен. Қалған 32 көпқабатты үй бойынша мемлекеттік сатып алу іс-шарасы өткізілуде.

Еңбекші ауданы бойынша 630 көпқабатты тұрғын үйлер 435 аулаға біріктірілген. Ауданда 2011-2020 жылдар аралығында кезең-кезеңмен 565 үйдің 373 ауласы абаттандырылған.

Аулалары бұрын абаттандырылған үйлердің басым бөлігіндегі ойын элементтерінің тозығы жеткен, жаңалауды қажет етеді. Ауданда ағымдағы жылдан бастап аулаларды қайта абаттандыру, балалар ойын алаңшаларын жаңалау жұмыстары Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдасының негізінде «Халық қатысатын бюджет» жобасы аясында іске асырылуда.

2022 жылы абаттандыру жұмыстары осы жоба шеңберінде жүргізілетін болады. Айта кетейік, осы жылдың қыркүйек айынан бастап тұрғындардан жобалық ұсыныстар аудан әкімі аппаратының ресми сайты арқылы қабылдау басталды.

Tags: 3 мегаполисЕңбекші ауданыинфрақұрылымМұрат Әйтеновшымкент
Previous Post

Шымкент : Еңбекші ауданының тұрғындары толығымен сапалы электр қуатымен қамтылады

Next Post

Шымкент : Еңбекші ауданында биыл 15 ашық спорт алаңшасы салынады

Пікір үстеу Жауапты болдырмау

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Facebook Twitter Instagram Youtube

        basmedia.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды көшіріп басу кезінде basmedia.kz сайтына тікелей гиперсілтеме көрсетуді талап етеді



        Барлық құқықтары қорғалған. ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігіне 20.01.2022 ж. тіркелген. Тіркеу туралы куәлік №KZ71VPY00045020 Электронды почта: mediab@internet.ru

No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік

on7news.kz ақпарат агенттігі