basmedia.kz
Маңызды жаңалықтарды
бізге WhatsApp арқылы жіберсеңіз болады:
+7 (705) 121-66-56
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Заң
  • Экономика
  • Білім
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Жаңа Қазақстан
  • Әлемде
No Result
View All Result
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Заң
  • Экономика
  • Білім
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Жаңа Қазақстан
  • Әлемде
No Result
View All Result
basmedia.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Шымкент : Қаратау ауданы тұрғындарын газбен қамту көрсеткіші биыл 85 пайызға жеткізіледі

Қыркүйек 8, 2021
in Жаңалықтар
0
Шымкент : Қаратау ауданы тұрғындарын газбен қамту көрсеткіші биыл 85 пайызға жеткізіледі
0
SHARES
5
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

Шымкент қаласы Қаратау ауданы тұрғындарының 73,7 пайызы бүгінде табиғи газбен қамтылған.  Себебі мұнда жаңа құрылыс алаңдары салынып, халық қоныстанып келеді. Аудан тұрғындарын көгілдір отынмен қамту мақсатында биыл бір магистралды газ құбыры мен төрт елдімекенге газ құбырын тарту жұмыстары жүргізілуде.

Осы бағытта атқарылып жатқан жұмыстарды қала әкімі М.Әйтеновке қалалық энергетика және инфрақұрылымды дамыту басқармасының басшысы Б.Булатбеков баяндады.

Қазіргі уақытта Қаратау ауданына қарасты Достық шағын ауданында 46,06 шақырымды, Асар-2 шағын ауданында 50,4 шақырымды құрайтын ішкі орамдық жүйлерінің құрылысы мен Азат шағын ауданында газ құбырларын тарту жұмыстары жүргізілуде. Қазан айында пайдалануға беру жоспарлануда.

Сонымен қатар, Тассай шағын ауданында келер жылға өтпелі газ құбырын тарту жұмыстары осы жылы басталады.

Ал Қайнарбұлақ тұрғын алабын табиғи газбен қамтамасыз ету мақсатында жобалау-сметалық құжаттама әзірленуде. Мемлекеттік сатып алу конкурсы арқылы «МПК проект» ЖШС-і анықталған. 2022 жылы жобаға сараптама қорытындысын алып, құрылыс жұмыстарын жүргізуге бюджеттен қаржы бөлуге ұсыныс беріледі. Құрылыс жұмыстары 2022-2023 жылдары жүргізілетін болады.

Аталған жұмыстар аяқталуына орай, табиғи газбен қамтылу көрсеткіші –  85 пайызды құрайтын болады.

Tags: 3 мегаполисинфрақұрылымМұрат Әйтеновтабиғи газшымкентҚаратау ауданы
Previous Post

Шымкентте «Шаңырақ» бағдарламасымен 557 азамат сатып алу туралы келісім-шарт жасасты

Next Post

Білім: Шымкент мектептерінде тәуелсіздік жетістіктері сараланды

Пікір үстеу Жауапты болдырмау

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Facebook Twitter Instagram Youtube

        basmedia.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды көшіріп басу кезінде basmedia.kz сайтына тікелей гиперсілтеме көрсетуді талап етеді



        Барлық құқықтары қорғалған. ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігіне 20.01.2022 ж. тіркелген. Тіркеу туралы куәлік №KZ71VPY00045020 Электронды почта: mediab@internet.ru

No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік

on7news.kz ақпарат агенттігі