basmedia.kz
Маңызды жаңалықтарды
бізге WhatsApp арқылы жіберсеңіз болады:
+7 (705) 121-66-56
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Заң
  • Экономика
  • Білім
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Жаңа Қазақстан
  • Әлемде
No Result
View All Result
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Заң
  • Экономика
  • Білім
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Жаңа Қазақстан
  • Әлемде
No Result
View All Result
basmedia.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Судьялар одағының құрылғанына – 25 жыл

Қыркүйек 9, 2021
in Жаңалықтар
0
Судьялар одағының құрылғанына – 25 жыл
0
SHARES
11
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

Ағымдағы жылдың желтоқсан айында Қазақстан Республикасы Судьялар Одағының құрылғанына 25 жыл толады. Тарихи датаны 1996 жылы 19 желтоқсанда Алматы қаласында өткен судьялардың І съездінде бекіткен болатын. Ұйымның қуатты біріктіруші әлеуеті отандық сот жүйесін дамытатын іргетасқа айналды. Аталмыш одақтың арқасында судьялардың кәсіби ынтымақтастығы артып, біртұтастығын сақтап отыруға негіз болды.

Ширек ғасырға тең осы жылдар аралығында Судьялар Одағының 8 съезді өтті. Олардың әрқайсысы жаңа кезең үшін бағыт-бағдар берді, төзіндік ижеткілікті және тәуелсіз сот ждүйесінің даму тұстары мен құрылым координаттарын акйқындап, қалыптасқан дәстүрлерді ұрпақтар сабақтастығына жалғап, тәжірибені нығайтуға сеп бола түсті. Судьялар съезі алдағы төрт жылға арналған іс-қимыл стратегиясы мен басымдықтарды ғана емес, сондай-ақ сот төрелігін іске асырудың аса сезімтал салаларындағы жүйелі проблемалар мен кедергілер туралы ашық әрі кедергісіз талқылайтын, жоспар дайындайтын маңызды басқосы болып есептеледі.

Съезд басқосуынан кейін қорытынды бойынша нақты және ақылға қонымды заңнамалық нормалар мен ережелерді құру бойынша шаралар қабылданып, сот ісін жүргізуді ұйымдастыру тетігінде жаңа тәртіптер енгізіледі, судьялардың ар-намыс және мінез-құлық кодексінің, кәсіби этикасының аясындағы басты қағидаттар әзірленеді. Судьялар одағы бүкіл судьялар корпусының күш-жігерінің арқасында елдімізде және шетелдік судьялар қауымдастығының арқасында танымал кәсіби қоғамдастықтардың бірі болып табылатынын мойындауымыз қажет.

Тәуелсіз елдің тыныштығы жолында, Ата Заңымызда бекітілген заң бойынша еңбек етіп жүрген заң саласының қызметкерлерінің еңбегі қашанда көзге көрінерліктей, мақтануға тұрарлықтай-ақ. Әділ шешім қабылдап, заң аясынан шықпай әділдікті талап етіп, анық-қанығына жету жолында барын салатын судьялардың ел үшін де, халық үшін еңбегінің маңызы зор. Судьялар одағының 25 жылдығы – жоғарыда аталған оқиғаның маңыздылығын ұғынуға, өткен жолды бағалауға, сот жүйеміздің жетістіктерін көрсетуге және міндеттерді белгілеуге үлкен мүмкіндік береді.

Осыдан 26 жыл бұрын бүкілхалықтық референдумда қабылданған еліміздің Ата Заңы азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғау, тәуелсіз егемен мемлекет құру кепілдіктерін негізге ала отырып, қорғаушы күшке айналса, осы Ата Заң шеңберінде талай тындырымды істерді нәтижелі аяқтап жүрген Судьялар Одағының мүшелері. Бір-бірімен біте қайнасып жатқан сала мамандарының еңбегі елеуге, тойлануға әбден лайық деп білемін.

Судьялар Одағының Орталық Кеңесі Судьялар одағының 25 жылдығын мерекелеу туралы қаулы қабылдап, мерекеге дейінгі күндер маңызды әрі қызықты істермен, әлеуметтік жобалармен пайдалы іс-шаралармен ерекшеленіп, толығысады деп сенемін. Алдыңғы аға буынның жасаған мағыналы жұмыстары, сәтті еңбектері бүгінгі жас судьяларға үлкен серпіліс болары сөзсіз. Осы мерейтой қарсаңында байырғы аға буыннан ақыл алып, кемел келешегімізді жасауымыз керек.

Еркебұлан ТУЛЕШОВ, Шымкент қаласының Әл-Фараби аудандық сотының судьясы

Previous Post

Білім: Шымкент мектептерінде тәуелсіздік жетістіктері сараланды

Next Post

Шымкентте «Бастау бизнес» түлектеріне арналған жеңілдетілген несиеге өтініш қабылдау басталды

Пікір үстеу Жауапты болдырмау

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Facebook Twitter Instagram Youtube

        basmedia.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды көшіріп басу кезінде basmedia.kz сайтына тікелей гиперсілтеме көрсетуді талап етеді



        Барлық құқықтары қорғалған. ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігіне 20.01.2022 ж. тіркелген. Тіркеу туралы куәлік №KZ71VPY00045020 Электронды почта: mediab@internet.ru

No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік

on7news.kz ақпарат агенттігі