basmedia.kz
Маңызды жаңалықтарды
бізге WhatsApp арқылы жіберсеңіз болады:
+7 (705) 121-66-56
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Заң
  • Экономика
  • Білім
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Жаңа Қазақстан
  • Әлемде
No Result
View All Result
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Заң
  • Экономика
  • Білім
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Жаңа Қазақстан
  • Әлемде
No Result
View All Result
basmedia.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Шымкентте «Халық қатысатын бюджет» жобасына қаралатын қаржы 10 есеге артады

Қыркүйек 9, 2021
in Жаңалықтар
0
Шымкентте «Халық қатысатын бюджет» жобасына қаралатын қаржы 10 есеге артады
0
SHARES
9
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

Мемлекет басшысы абаттандыру және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылықта «Халық қатысатын бюджеттің» үлесін 10 есе арттыруды тапсырды.

Шымкент қаласында бұл жоба биылдан бастап жүзеге асып, тиімділігін көрсетті. Бюджет жоспары бастапқы 287 млн теңгеден 1,5 млрд теңгеге жуық артып, бес есе өсті. Тұрғындардың қатысуымен абаттандыру бойынша 66 жоба іріктеліп, іске асырылуда.

Келесі жылы жобаға қаралатын қаржы 10 есеге артып, 3 млрд. теңгеге жетеді. Аудан әкімдіктері осы айдан бастап тұрғындардан ұсыныстар жинақтап, іріктейді.

Тұрғындар аудан әкімі аппараты құзыретіне кіретін салалалар бойынша талап-ұсыныстарын жіберуіне мүмкіндігі бар. Мәселен, аумақты көгалдандыру, аяқжолдарды жайластыру, пандустарды, арықтарды салу және жөндеу, т.б., мәселелер бойынша ұсына алады. Жобаға ауданда тіркелген кез келген азамат қатыса алады. Ол үшін open-shymkent.kz арнайы интернет-ресурсына тіркелуіңіз қажет.

Жобаның талаптарына сәйкес, екі апта ішінде жинақталған ұсыныстар аудан әкімдігі тарапынан құрылған Сараптамалық кеңеске ұсынылады. Сараптамалық кеңес жобалар тізбесін іріктеп, дауыс беру үшін сайтқа орналастырады. Дауыс беру нәтижелері бойынша көп дауыс жинаған жобалар аудан әкімдігі арқылы жүзеге асырылатын болады.

Ашықтық пен жариялыққа негізделген «Халық қатысатын бюджет» – билікті бұқараға барынша жақындатудың тиімді құралы. Жобаны қаланың коммуналдық шаруашылығында да кеңінен енгізілетін болады.

Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

 

Previous Post

Шымкент: Жители микрорайона Солтустик саяжай будет обеспечен качественной питьевой водой

Next Post

В Шымкенте в 7 местах размещены туристические киоски

Пікір үстеу Жауапты болдырмау

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Facebook Twitter Instagram Youtube

        basmedia.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды көшіріп басу кезінде basmedia.kz сайтына тікелей гиперсілтеме көрсетуді талап етеді



        Барлық құқықтары қорғалған. ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігіне 20.01.2022 ж. тіркелген. Тіркеу туралы куәлік №KZ71VPY00045020 Электронды почта: mediab@internet.ru

No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік

on7news.kz ақпарат агенттігі