basmedia.kz
Маңызды жаңалықтарды
бізге WhatsApp арқылы жіберсеңіз болады:
+7 (705) 121-66-56
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Заң
  • Экономика
  • Білім
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Жаңа Қазақстан
  • Әлемде
No Result
View All Result
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Заң
  • Экономика
  • Білім
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Жаңа Қазақстан
  • Әлемде
No Result
View All Result
basmedia.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Шымкентте туристік автобустарға арналған тұрақтар пайда болды

Қыркүйек 11, 2021
in Жаңалықтар
0
Шымкентте туристік автобустарға арналған тұрақтар пайда болды
0
SHARES
10
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

2020 жылы «ҚР туризм саласын дамытудың 2019-2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы» шеңберінде «Қала Шым» ескі қалашық аумағын туристендірудің шебер-жоспары дайындалған болатын. Жоспарға сәйкес жобаның іске асырылуы бойынша тиісті басқармалардың жауапты мамандары бекітіле отырып, жұмысшы топ құрылды. Жоспар бойынша қалашық аумағында 346 нысанның орналасуы қарастырылып, оның 311-і қаланың бас жоспарына енгізілді. Нысандардың 4 эскиздік жобасы әзірленді. Жоба жүеге асырылғаннан кейін 2000 жаңа жұмыс орны ашылады деп күтілуде.

Бүгінгі таңда ескі қалашық аумағында туристік коммерциялық нысандарды салатын инвесторлар тарту үшін «BI Group», «Otau», «Bazis-A» секілді ірі құрылыс компанияларымен кездесу ұйымдастырылып, жер телімдерін қайтару мақсатында ескі қала аумағындағы кәсіпкерлермен  жиналыс өткізілді.Бұдан бөлек, шебер-жоспардағы 85 га жер телімі бас жоспарға енгізілді.

Сондай-ақ, ҚР МСМ-неҚР туристік саласын дамытудың 2019-2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасындағы ТОП-10 басым бағыттарындағы жобалардың тізіміне «Ескі қала тарихи-мәдени кешені» (өңірлік деңгейдегі ТОП-50 туристендіру картасы нысандарының тізбесінде болған) қосып, өңірлік деңгейдегі ТОП-50 Туристендіру картасы нысандарының тізбесіне тарихи-мәдени маңызы бар Сайрам кешенін енгізу мүмкіндігін қарастыру жөнінде ұсыныс енгізілді.

Бұдан бөлек, ағымдағы жылдың наурыз айында меценаттар тарапынан «Хызыр» мұнарасының аумағын абаттандыру жұмыстары жүргізілді.

Туристік нысандар аумағындағы СГТ жағдайын жақсарту бағытында Шымкент қаласы туризм басқармасы тарапынан қаланың санитарлық-гигиеналық нысандарына түгендеу жасалды. Түгендеу барысында қаланың жөндеуді және субсидиялауды қажет ететін орындары анықталды.

Туризмді дамытуға қолайлы орта қалыптастыру мақсатында қаланың                 6 туристік нысанының аумағында (әл-Фараби алаңы, Бәйдібек би ескерткіші, Наурыз алаңы, Дендросаябақ, Цирк, Ордабасы алаңы)автобустарға арналған «Bus stop» тұрақтары жасалды.

Туристік инфрақұрылымды жетілдіру аясында туристік нысандарға бағыттайтын жол сілтегіштер мен туристік паспорттарды ағымдағы жылдың соңына дейін орналастыру жоспарлануда.

 

 

Previous Post

Инвестициялық штаб отырысында 13 жоба ұсынылды

Next Post

В Шымкенте появились парковочные стоянки для туристических автобусов

Пікір үстеу Жауапты болдырмау

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Facebook Twitter Instagram Youtube

        basmedia.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды көшіріп басу кезінде basmedia.kz сайтына тікелей гиперсілтеме көрсетуді талап етеді



        Барлық құқықтары қорғалған. ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігіне 20.01.2022 ж. тіркелген. Тіркеу туралы куәлік №KZ71VPY00045020 Электронды почта: mediab@internet.ru

No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік

on7news.kz ақпарат агенттігі