basmedia.kz
Маңызды жаңалықтарды
бізге WhatsApp арқылы жіберсеңіз болады:
+7 (705) 121-66-56
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Заң
  • Экономика
  • Білім
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Жаңа Қазақстан
  • Әлемде
No Result
View All Result
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Заң
  • Экономика
  • Білім
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Жаңа Қазақстан
  • Әлемде
No Result
View All Result
basmedia.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Шымкентте соңғы үш жылда 850 шақырымнан астам жол төселді

Қыркүйек 11, 2021
in Жаңалықтар
0
Шымкентте соңғы үш жылда 850 шақырымнан астам жол төселді
0
SHARES
8
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтеновтің кезекті тікелей эфирі жол құрылысы саласына арналды. Әдеттегідей тәртіппен эфир қаладағы эпидемиологиялық жағдайды баяндаудан басталды. Соңғы тәуліктегі жағдай бойынша COVID-19 инфекциясы қаланың 160 тұрғынынан анықталып, дерт жұқтырғандар статистикасы 37 822 адамға жеткен. Жағдай біршама тұрақталғанымен, тұрғындарға вакцина салу жұмыстары бәсеңдеген жоқ.

Тікелей желінің негізгі тақырыбына көшкен қала әкімі Мемлекет басшысы Қазақстан халқына арнаған биылғы Жолдауында еліміздің ішкі байланысын жақсартуда көлік инфрақұрылымна қатысты нақты тапсырмалар жүктегенін атап өтті.

Автомобиль жолдары қала экономикасының маңызды секторы екенін назарға алған Мұрат Дүйсенбекұлы, жол сапасын арттыруда нақты көрсеткіштер белгіленіп, іске асып отырғандығын жеткізді.

Бүгінгі таңда Шымкент қаласындағы жолдардың жалпы ұзындығы 3247 шақырымды құрайды. Биыл жақсы және қанағаттанарлық жағдайдағы жолдардың үлесін 63,6 пайызға жеткізу жоспарланған.

Республикалық қала мәртебесін алған 2018 жылы бұл көрсеткіш 53 пайызды құраған. Қала әкімі осы жылдар ішінде көлік жолдарының сапасын арттыруға айрықша мән беріліп, салаға бөлінген қаражат пен жұмыс көлемі еселеп артқанын мәлімдеді. Соңғы үш жылда қала бойынша 850 шақырымнан астам жол төселгенін айтты.

Tags: 3 мегаполисжол жөндеуинфрақұрылымМұрат Әйтеновшымкент
Previous Post

Шымкентте биыл инвестиция көлемін 400 млрд теңгеге жеткізу жоспарлануда

Next Post

На заседании инвестиционного штаба было представлено 13 проектов

Пікір үстеу Жауапты болдырмау

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Facebook Twitter Instagram Youtube

        basmedia.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды көшіріп басу кезінде basmedia.kz сайтына тікелей гиперсілтеме көрсетуді талап етеді



        Барлық құқықтары қорғалған. ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігіне 20.01.2022 ж. тіркелген. Тіркеу туралы куәлік №KZ71VPY00045020 Электронды почта: mediab@internet.ru

No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік

on7news.kz ақпарат агенттігі