basmedia.kz
Маңызды жаңалықтарды
бізге WhatsApp арқылы жіберсеңіз болады:
+7 (705) 121-66-56
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Заң
  • Экономика
  • Білім
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Жаңа Қазақстан
  • Әлемде
No Result
View All Result
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Заң
  • Экономика
  • Білім
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Жаңа Қазақстан
  • Әлемде
No Result
View All Result
basmedia.kz
No Result
View All Result
Home Билік

Шымкентте биыл 277 көшеге шағал тас төселеді

Қыркүйек 11, 2021
in Билік
0
Шымкентте биыл 277 көшеге шағал тас төселеді
0
SHARES
7
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтеновтің кезекті тікелей эфирі жол құрылысы саласына арналды. 2018 жылы 4,1 млрд теңге қаралып, 222,6 шақырым болатын 112 нысанда жол құрылысы, жөндеу жұмыстары жүргізілсе, 2020 жылы 416,8 шақырым болатын 261 жол нысаны қамтылып, 21,9 млрд. теңге қаржы бөлінген. Биылғы жылы 311,3 шақырым болатын 182 жол нысандарында құрылыс-жөндеу жұмыстарын жүргізуге 34,8 млрд. теңге қаралды. Оның ішінде ауқымды жобалар – А-2 айналма жолының кезеңдік жұмыстары, Қонаев даңғылы жалғасының құрылысы, Қонаев-Рысқұлов көшесінде жолайрық құрылыстары қамтылған.

Биылғы жоспар бойынша қала аудандарында 71 көше күрделі жөндеуден өткізіліп отырса, орташа жөндеумен 9 магистралды және 151 ішкі орамдық көшелер қамтылған. Жыл соңына дейін 270 шақырымнан астатын 169 нысан пайдалануға берілмек. Шағал тас төсеу жұмыстары 157 шақырымдық 277 көшеде жоспарланып, атқарылуда. Жер асты инфрақұрылым желілері тартылған аумақтардың жолдарына тас төсеу үшін қосымша 500 млн. теңге қарастырылған.

Қала басшысы эфир барысында А-2 айналма жолының құрылыс барысы, жолайрық құрылыстары, Қонаев даңғылының жалғасы жобалары бойынша атқарылып жатқан жұмыстар бойынша мағлұмат беріп, жол қозғалысының қауіпсіздігін қамтамасыз ету бағытындағы бастамалар жөнінде кеңінен тоқталды.

Тікелей эфирде шаһар басшысы тұрғындардың сауалдарына жауап беріп, жол саласындағы әрбір нысанға жеке-дара тоқталды.

 

Tags: 3 мегаполисинфрақұрылымМұрат Әйтеновшымкент
Previous Post

В Шымкенте в текущем году планируется довести объем инвестиций до 400 млрд тенге

Next Post

В Шымкенте в этом году 277 улиц будут засыпаны щебнем

Пікір үстеу Жауапты болдырмау

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Facebook Twitter Instagram Youtube

        basmedia.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды көшіріп басу кезінде basmedia.kz сайтына тікелей гиперсілтеме көрсетуді талап етеді



        Барлық құқықтары қорғалған. ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігіне 20.01.2022 ж. тіркелген. Тіркеу туралы куәлік №KZ71VPY00045020 Электронды почта: mediab@internet.ru

No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік

on7news.kz ақпарат агенттігі