basmedia.kz
Маңызды жаңалықтарды
бізге WhatsApp арқылы жіберсеңіз болады:
+7 (705) 121-66-56
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Заң
  • Экономика
  • Білім
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Жаңа Қазақстан
  • Әлемде
No Result
View All Result
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Заң
  • Экономика
  • Білім
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Жаңа Қазақстан
  • Әлемде
No Result
View All Result
basmedia.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Ауыл шаруашылығы қала экономикасының драйвері

Қыркүйек 13, 2021
in Жаңалықтар
0
Ауыл шаруашылығы қала экономикасының драйвері
0
SHARES
8
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

Ауыл шаруашылығы өнімдерінің өндірісі, оларды сақтау мен саудаға шығару жұмыстары қажырлы еңбек пен жұмыс күшін талап ететі түсінікті. Сондықтан бүгінгі таңда бұл салада мыңдаған адам тер төгіп еңбек етуде. Тіпті қала шетіндегі елді мекен тұрғындары есігінің алдына егін егіп, қорасында мал бағып, сол шағын шаруашылықпен-ақ отбасылық бюджеттің бір бүйірін қомпайтып отыр. Сонымен қатар агросаланың дамуы жалпы сауда нарығындағы белсенділіктің артуына оң әсерін тигізуде. Сандарды сөйлетсек Шымкент қаласында 1991 жылы бөлшек саудадағы тауар айналымының жалпы көлемі 2,3 млрд.теңге болса, 2020 жылы бұл көрсеткіш 414,6 млрд.теңгені құрады. Бұдан бөлек көтерме сауда айналымының жалпы көлемі 1995 жылы 266,6 млрд.теңгені құраса, өткен жылдың қаңтар-желтоқсан айларындағы статистикалық мәлімет бойынша ол 893,1 млрд.теңгеге дейін өскен. Сарапшылар бұл қала аумағында сауда саласын дамытудағы шаралардың оң бағытта екендігін және көршілес өңірлер арасында, сондай-ақ алыс-жақын шет мемлекеттермен тауар алмасудың жоғарғы деңгейде жүріп жатқандығын көрсететінін алға тартады. Сонымен бірге, соңғы жылдары қаламызда бой көтерген ірі сауда желілері, ойын-сауық орталықтары, базарлар және ішкі сауда нысандарының да жалпы экономикаға, соның ішінде ауыл шаруашылығы саласына қосар үлесі жоғары болып тұр.

Tags: 3 мегаполисАуыл шаруашылығыМұрат Әйтеновшымкент
Previous Post

Шымкент: Туристік инфрақұрылымды дамыту уақыт талабы

Next Post

Өңірдің туристік әлеуеті насихатталуда

Пікір үстеу Жауапты болдырмау

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Facebook Twitter Instagram Youtube

        basmedia.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды көшіріп басу кезінде basmedia.kz сайтына тікелей гиперсілтеме көрсетуді талап етеді



        Барлық құқықтары қорғалған. ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігіне 20.01.2022 ж. тіркелген. Тіркеу туралы куәлік №KZ71VPY00045020 Электронды почта: mediab@internet.ru

No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік

on7news.kz ақпарат агенттігі