basmedia.kz
Маңызды жаңалықтарды
бізге WhatsApp арқылы жіберсеңіз болады:
+7 (705) 121-66-56
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Заң
  • Экономика
  • Білім
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Жаңа Қазақстан
  • Әлемде
No Result
View All Result
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Заң
  • Экономика
  • Білім
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Жаңа Қазақстан
  • Әлемде
No Result
View All Result
basmedia.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Шымкенттің туризм басқармасына “Креативті экономика” функциясы берілді

Қыркүйек 13, 2021
in Жаңалықтар
0
Шымкенттің туризм басқармасына “Креативті экономика” функциясы берілді
0
SHARES
11
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

Әлемдік экономиканың трансформациялануы және әл-ауқаттың өсуінің жаңа тұжырымдамаларын іздеу жағдайында «креативті экономиканың» танымалдылығы арта түсуде. Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев экономиканың жаңа даму бағытын айқындап, «креативті индустрияны» дамыту бойынша арнайы тапсырма берген болатын.

Осы орайда, жаңа өзгерістердің алдын алу және Шымкент қаласында «креативті индустрия» саласын дамытуды жүйелендіру мақсатында Туризм және сыртқы байланыстар басқармасына «креативті экономика» функциясын беру ұсынылып, ұсыныс қала әкімі Мұрат Әйтеновтың тарапынан қолдауға ие болды.

Айта кетерлігі, бұл шешімнің нәтижесінде республикадағы үшінші мегаполис – туризм саласына креативті экономика индустриясы қосылған бірінші басқарма болады. Жалпы, басқарма туризмді дамыту, инвестиция тарту, Smart-инфрақұрылым, креативті жобалар мен маркетинг, сыртқы байланыстар секілді заманауи трансформациялану бағыттарында қызмет атқаратын болады. Одан бөлек, аталған бастама Шымкент қаласы экономикасының дамуына жаңа серпін беріп, «Туристік креативті қала бейнесін» қалыптастыруға мүмкіндік береді.

“Туризм мен креативті индустрияны біріктіру – бұл ең алдымен туризмді жаңа деңгейге шығарып, саланы дамытуға тың идеяларды енгізе отырып, жаңашыл бағытта ілгерілеуге септігін тигізеді. Нәтижесінде, жоғарыда аталған бағыттар қаланың жаңа бейнесін қалыптастырып және жаңа жұмыс орындарын ашып, экономика түсімін жоғарылатып, келуші туристер легін арттырады деген жоспар бар. Осы ретте, жастардың шығармашыл идеяларын қолдау мақсатында Шымкент қаласы әкімдігі жанынан түрлі сала өкілдерінен тұратын «Креативті кеңес» құрылды”, – делінген басқарма хабарламасында.

 

Previous Post

Шымкент: Туризм саласы бойынша сыртқы байланыстар орнатылуда

Next Post

Управлению туризма Шымкента передана функция "Креативная экономика"

Пікір үстеу Жауапты болдырмау

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Facebook Twitter Instagram Youtube

        basmedia.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды көшіріп басу кезінде basmedia.kz сайтына тікелей гиперсілтеме көрсетуді талап етеді



        Барлық құқықтары қорғалған. ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігіне 20.01.2022 ж. тіркелген. Тіркеу туралы куәлік №KZ71VPY00045020 Электронды почта: mediab@internet.ru

No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік

on7news.kz ақпарат агенттігі