basmedia.kz
Маңызды жаңалықтарды
бізге WhatsApp арқылы жіберсеңіз болады:
+7 (705) 121-66-56
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Заң
  • Экономика
  • Білім
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Жаңа Қазақстан
  • Әлемде
No Result
View All Result
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Заң
  • Экономика
  • Білім
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Жаңа Қазақстан
  • Әлемде
No Result
View All Result
basmedia.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Шымкентте 8 айда инвестиция көлемі 201,1 млрд теңгеге жетті

Қыркүйек 14, 2021
in Жаңалықтар
0
Шымкентте 8 айда инвестиция көлемі 201,1 млрд теңгеге жетті
0
SHARES
9
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

ҚР Премъер-министрі А.Маминнің төрағалығымен өткен Үкімет отырысында еліміздің Ұлттық экономика министрі Әсет Ерғалиев экономикалық көрсеткіштердің орындалуы жөнінде хабарлама жасады. «Барлық көрсеткіш бойынша оң өсім 5 өңірде – Шымкент қаласында, сондай-ақ Алматы, Жамбыл, Қостанай, Маңғыстау облыстарында байқалады. Ал, 6 көрсеткіш бойынша 8 өңірде өсім бар. 3 өңірде 5 көрсеткіш бойынша өсім тіркелді. Батыс Қазақстан облысында тек 3 көрсеткіш бойынша өсу байқалды», – деді Әсет Ерғалиев.

Шымкент қаласында негізгі капиталға салынған инвестиция көлемі 2021 жылдың 8 айында 201,1 млрд теңгені құрап, 2020 жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 135,9 пайызға артқан. Негізгі капиталға бағытталған инвестицияның құрылымында жекеменшік инвестицияның үлесі 72 пайыз болса, мемлекеттік инвестицияның үлесі – 28 пайызды құрайды.

Жекеменшік инвестиция үлесінің артуы инвестициялық штаб жұмысының тиімділігін көрсетеді. Апта сайын өтіп жатқан штаб отырыстарында инвестиция салуға қызығушылық танытқан кәсіпкерлердің өзекті мәселелерін шешу үрдісі қалыптасты. Онлайн режимде өтіп жатқан жұмыс кездесулерінде бизнес өкілдері тап болатын бюрократиялық кедергілерді жою жөнінде шұғыл шешімдер қабылданып, инвестициялық жобаларды іске асыруға қажетті инфрақұрылымын жүйелерін тарту, жерге орналастыру мәселелері оңтайлы шешімін тауып жатыр.

 

Tags: 3 мегаполисинвестицияМұрат Әйтеновшымкент
Previous Post

В Шымкенте в этом году планируется ввести в эксплуатацию более 1 миллиона квадратных метров жилья

Next Post

Шымкентте экономиканың барлық секторында оң өсім байқалады

Пікір үстеу Жауапты болдырмау

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Facebook Twitter Instagram Youtube

        basmedia.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды көшіріп басу кезінде basmedia.kz сайтына тікелей гиперсілтеме көрсетуді талап етеді



        Барлық құқықтары қорғалған. ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігіне 20.01.2022 ж. тіркелген. Тіркеу туралы куәлік №KZ71VPY00045020 Электронды почта: mediab@internet.ru

No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік

on7news.kz ақпарат агенттігі