basmedia.kz
Маңызды жаңалықтарды
бізге WhatsApp арқылы жіберсеңіз болады:
+7 (705) 121-66-56
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Заң
  • Экономика
  • Білім
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Жаңа Қазақстан
  • Әлемде
No Result
View All Result
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Заң
  • Экономика
  • Білім
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Жаңа Қазақстан
  • Әлемде
No Result
View All Result
basmedia.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Шымкент: Халық қалаулысы Қайнарбұлақ елді мекеніндегі өзекті мәселенің шешілуіне ықпал етті

Қыркүйек 15, 2021
in Жаңалықтар
0
Шымкент: Халық қалаулысы Қайнарбұлақ елді мекеніндегі өзекті мәселенің шешілуіне ықпал етті
0
SHARES
10
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

Шымкент қаласы мәслихатының депутаты Талғат Балтабаев Қайнарбұлақ елді-мекеніндегі өзекті мәселенің шешілуіне ықпал етіп, көкейтесті мәселесін арқалап талай есіктің табалдырығын тоздырған тұрғындардың алғысына ие болды.

Атап айтсақ, Шымкент қаласы №83 жалпы орта білім беретін мектептің қабырғасы қаланған 2008 жылдан бастап жекеменшік су сорғы станциясынан (водокачка) су тартып қолданып келген. Алайда ол судың қуаты тек сыртқы крандарда ғана қолданылып, мектептің ішіне, екінші, үшінші қабаттарына көтерілмейтін. Сол себепті мектеп ішіндегі әжетханалар жылдар бойы іске қосылмаған болатын.

Ағымдағы жылдың 17 ақпанында Шымкент қаласы мәслихатының депутаттары «Nur Otan» партиясының мүшелері Талғат Балтабаев пен Айжан Ізбасханқызы Қайнарбұлақ елді-мекенінің тұрғындарымен кездесу өткізіп, ата-аналарды осы жағдайдан хабардар еткен болатын.

Бұл мәселені өз назарына алған Талғат Балтабаев «Су ресурстары – Маркетинг» басшысына хат жолдап, проблеманың шұғыл түрде шешілуіне ықпал етті. Қазіргі таңда мектеп қалалық «Водоканал» су жүйесіне қосылып, 1 наурыздан бастап келісім-шарт жасалып, мектепте жаңа құбырлар жүргізіліп, толық екі ғимараттың барлық қабаттары (асхана, әжетханалар, дала крандары) сумен қамтылды.

Өзекті де өткір мәселеге дер кезінде назар аударып, шешілуіне ықпал еткен халық қалаулысына тұрғындар дән риза.

Tags: 3 мегаполисинфрақұрылымшымкентҚайнарбұлақ
Previous Post

В Шымкенте по направлению «Бақытты отбасы» около 130 граждан получили жилье

Next Post

Шымкент: «Тәуелсіздік сабақтары» іс-шарасына 3000-ға жуық оқушы қатысты

Пікір үстеу Жауапты болдырмау

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Facebook Twitter Instagram Youtube

        basmedia.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды көшіріп басу кезінде basmedia.kz сайтына тікелей гиперсілтеме көрсетуді талап етеді



        Барлық құқықтары қорғалған. ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігіне 20.01.2022 ж. тіркелген. Тіркеу туралы куәлік №KZ71VPY00045020 Электронды почта: mediab@internet.ru

No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік

on7news.kz ақпарат агенттігі