basmedia.kz
Маңызды жаңалықтарды
бізге WhatsApp арқылы жіберсеңіз болады:
+7 (705) 121-66-56
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Заң
  • Экономика
  • Білім
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Жаңа Қазақстан
  • Әлемде
No Result
View All Result
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Заң
  • Экономика
  • Білім
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Жаңа Қазақстан
  • Әлемде
No Result
View All Result
basmedia.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Білім мен шахматтың үздігі

Қыркүйек 15, 2021
in Жаңалықтар
0
Білім мен шахматтың үздігі
0
SHARES
11
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

Шымкенттік ұстаз Айгерім Жұмаділова 12 жылдан бері мектепке келген бүлдіршіндерге алғаш рет қолға қалам алуды үйретіп қоймай, шахматтың шебері екенін дәлелдеп келеді.

Қаладағы Т.Рысқұлов атындағы №25 мектеп-гимназиясында бастауыш сыныбының мұғалімі Айгерім Аралқызы бала тәрбиесіне қатысты жауапкершілігі зор жұмысты мойнына алып қалған және бүгінге дейін талай шәкірттің ой-өрісінің дамуына қосқан еңбегі ерен.

Ол ұстаздар арасында өткен спартакиядада «Үздік шахматшы», бірнеше халықаралық олимпиада жеңімпазы. «Әліппе», «Ана тілі» оқулығы мен оқу-әдістемелік кешендерге сынақ жүргізуге қатысқан. Сонымен бірге А.Жұмаділова мектепке «Лессон стади» зерттеу жұмысын енгізген сарапшы-педагог. Осындай еңбектерінің арқасында ҚР БҒМ Республикалық  Ғылыми-Практикалық білім мазмұнын сараптау орталығының Алғыс хаттарымен марапатталған.

Жұмаділованың шәкірттері «Алтын ұрпақ», «Кіші Ғылым Академиясы» «Шамшырақ» зияткерлік олимпиадасы және Халықаралық «ПОНИ» секілді байқауларда жеңімпаз болған.

Бүгінде төрт перзент тәрбиелеп отырған Әйгерім Аралқызы ұрпаққа білім нәрін беру үшін әлі де ізденіс үстінде.

–Шәкірттерімнің тұлға боп дамуы үшін әр тақырыпты түсіндіру барысында түрлі тәсілдерді қолданамын. Сабақтың көрнекілігін дамыту жолында үнемі ізденемін, көптеген методикалық қолданбаларды қолданамын. Әр бір оқушы өзімнің балам секілді. Олардың болашағы жолында бар білімім мен тәжірибемді қолдануға тырысамын, – дейді ұстаз.

А.Жұмаділова биыл сәуір айында Daryn.online білім беру платформасында математика пәнінен бастауыш сынып мұғалімдерінің олимпиадасында І орынды иемденген болатын.

Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

Previous Post

Шымкентте «Бақытты отбасы» бағыты арқылы 130-ға жуық азамат баспаналы болды

Next Post

Мектепке дейінгі білім беруді дамытуда мемлекеттік-жекешелік серіктестікке басымдық беріле бастады

Пікір үстеу Жауапты болдырмау

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Facebook Twitter Instagram Youtube

        basmedia.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды көшіріп басу кезінде basmedia.kz сайтына тікелей гиперсілтеме көрсетуді талап етеді



        Барлық құқықтары қорғалған. ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігіне 20.01.2022 ж. тіркелген. Тіркеу туралы куәлік №KZ71VPY00045020 Электронды почта: mediab@internet.ru

No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік

on7news.kz ақпарат агенттігі