Шымкент қалалық білім басқармасының басшысы Жанат Тәжиеваның айтуынша, мектепке дейінгі білім беру жүйесі 2006 жылдан бастап қайта жандана бастады. Алғаш рет республикалық бюджеттен жергілікті атқарушы органдарға барлық меншік нысанымен мектепке дейінгі ұйымдарға мемлекеттік тапсырысты орналастыру үшін нысаналы трансферттер бөлінді. Мектепке дейінгі білім беру ұйымдарының көпшілігі 2010 жылдан бастап ашыла бастады.
– Жоғарыда атап өткендей 31 мектепке дейінгі білім беру ұйымы осы тұста салына бастады. «Балапан» бағдарламасы бойынша Құрсай елді мекенінде – 320 орындық №36 «Ерке-Наз», Асар елді мекенінде – 280 орындық №42 «Толағай» балабақшасы ашылса, №70 «Бастауыш мектеп-балабақша» кешені, №40 «Нұрлан» бөбекжай-балабақша болып қайта құрылды. Жұмыс істеп тұрған №71,73,74 бастауыш мектеп балабақша» кешендері жанынан жаңадан 200 орындық 8 топ ашылды. №5, 24, 52 жалпы орта мектептер жанынан шағын орталықтар ашылып, №81 «Бақыт» балабақшасы мен №70 «Шолпан» балабақшасын біріктіру арқылы №70 «Шолпан» бөбекжай-балабақшасы құрылды. Мектепке дейінгі ұйымдар тапшылығын шешу мақсатында қаладағы бірнеше жекеменшік бөбекжайлардың ішінен мемлекеттік тапсырыс бойынша топтар ашылды. Мысалы, 2011-2013 жылдар аралығында мемлекеттік тапсырыс бойынша 61 жекеменшік балабақшаға қосымша 4395 бала орналастырылған. 2014 жылы Самал-3, Тұлпар, Асар шағынаудандарында 960 орындық балабақша пайдалануға берілгенін айтады. Сондай-ақ, Қазығұрт, Самал-2, Бозарық, Сәуле шағынаудандары мен Жангелдин, Гаражная көшелерінде 1970 орындық жаңа балабақша бой көтерді. Ал, 2015 жылы Қайнарбұлақ, Нұрсат, Мирас, Ынтымақ, Жайлау шағынаудандарында да 1600 орындық балабақша ашылған. Кейінгі жылдары мемлекеттік және жекеменшік серіктестікті дамыту мектепке дейінгі білім беру жүйесінің тиімділігін арттыру жолдарының бірі екеніне көз жеткіздік. Мемлекеттік тапсырысты орналастыру жеке мектепке дейінгі ұйымдарды ашуға айтарлықтай оңды әсерін тигізді, – дейді Ж.Арысбекқызы.
Иә, 2019 жылдың қыркүйегінен бастап Елбасы тапсырмасына сәйкес, балаларды ерте жастан дамыту бағдарламасы қолға алынды. Бұл 3 жасқа дейінгі балалардың әлеуметтік әрі өз бетімен оқу дағдыларын дамытуға, педагогтер мен ата-аналардың құзіреттілік деңгейін арттыруға септігін тигізеді.