basmedia.kz
Маңызды жаңалықтарды
бізге WhatsApp арқылы жіберсеңіз болады:
+7 (705) 121-66-56
  • Жаңа Қазақстан
  • НОВОСТИ
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Заң
  • Білім
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Әлемде
No Result
View All Result
  • Жаңа Қазақстан
  • НОВОСТИ
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Заң
  • Білім
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Әлемде
No Result
View All Result
basmedia.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Шымкентте «Мүмкіндіктер алаңы» бос жұмыс орындары жәрмеңкесі өтеді

16 сентября, 2021
in Жаңалықтар
0
Шымкентте «Мүмкіндіктер алаңы» бос жұмыс орындары жәрмеңкесі өтеді
0
SHARES
14
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

Ағымдағы жылдың 17 қыркүйек күні «Арбат» алаңында сағат 10.00-18.00-ге дейін жұмыссыз жастарға арналған «Мүмкіндіктер алаңы» бос жұмыс орындары жәрмеңкесі өтеді.

Іс-шараның мақсаты — қаланың жоғары және орта арнаулы оқу орындарының түлектері, жалпы 29 жасқа дейінгі жұмыссыз жүрген жастарды нәтижелі әрі тұрақты жұмыспен қамту,  жұмыс беруші мекемелер қажетті мамандар таңдауларына, ал жұмыс іздеушілерге жұмысқа орналасуларына мүмкіндік беру және кеңес алу.

Жәрмеңкеге 50-ге жуық жұмыс беруші мекемелер қатысып, 9000-ға жуық медициналық, техникалық, педагогикалық, жеңіл өнеркәсіп және қызмет көрсету салалары бойынша тұрақты және уақытша бос жұмыс орындары ұсынылады.

Қала жастарына «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасының шеңберінде «Әлеуметтік жұмыс орындары», «Жастар практикасы» , «Алғашқы жұмыс орны» бағыттары бойынша ақылы  жұмыстары да ұсынылады. Жоғарғы оқу орындары мен колледж түлектері үшін жастар бағдарламасынан бөлек, еңбек нарығында сұранысқа ие мамандықтарға кәсіби оқыту курстары туралы мәлімет беріледі. Сондай-ақ, іс-шара аясында қызмет көрсету бұрыштары орнатылып, жұмыспен қамту орталығы мамандарының кеңесі (түйіндеме құрастыру үлгісі,ЭЦҚ кілтін ашу және enbek.kz порталын пайдалану мүмкіндіктері және т.б.) беріледі.

Previous Post

Жетінші шақырылымдағы Шымкент қаласы мәслихатының кезекті тоғызыншы сессиясы өтті

Next Post

Қаратау ауданында еңбек ұжымдарына жолдау бастамалары түсіндірілді

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Facebook Twitter Instagram Youtube

        basmedia.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды көшіріп басу кезінде basmedia.kz сайтына тікелей гиперсілтеме көрсетуді талап етеді



        Барлық құқықтары қорғалған. ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігіне 20.01.2022 ж. тіркелген. Тіркеу туралы куәлік №KZ71VPY00045020 Электронды почта: mediab@internet.ru

No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • НОВОСТИ
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік

on7news.kz ақпарат агенттігі