Шымкент қаласының мегаполис мәртебесіне ие болғанына биыл үшінші жыл.
Елімізде 1991 жылдан бастап мемлекеттік саясат білім беру саласындағы білім беру жүйесін сапалық жағынан жақсарту мақсатына ден қойды. Осы аралықта білім беруді басқару мен қаржыландырудың құқықтық-заңнамалық базасы қалыптасты.
Сонымен қатар, Тәуелсіздік алған жылдардан бастап-ақ бәсекеге қабілетті болуды басты ұстаным ете отырып, бірнеше оңтайлы реформалар қабылданды.
Нәтижесінде, еліміздің білім беру саласы көптеген жетістіктерге қол жеткізіп отыр.
Бүгінгі таңда Шымкент қаласында 785 білім беру мекемелерінде 350 мыңнан астам балалар тәрбиеленіп, білім алуда.
Ал салаға бөлінген қаржы көлемі 2000 жылға дейін 300 млн.теңге болса, бүгінде 135 млрд. теңгеге жетті.
Педагогтардың орташа айлық жалақысының көлемі соңғы 5 жылда 3 есе өсіп – айына орта есеппен 185 000 теңгені құрады.
Тәуелсіздіктің алғашқы жылдары қаламыздағы балабақшалар саны небәры 129-ды (29 мың бала) құраса, қазіргі таңда демографиялық және миграциялық өсімге сәйкес, бұл көрсеткіш 37 125 орынға толығып, 397-ге артқан. Оның ішінде осы жылдары мемлекет есебінен 31 балабақша салынған.
Қазіргі таңда, қаладағы 526 мектепке дейінгі мекемелерде 67 422 бала қамтылған. Оның ішінде 1-6 жас аралығындағы балаларды қамту үлесі – 92,2%-ға, ал 3-6 жас аралығында– 100%-ға жетті.