basmedia.kz
Маңызды жаңалықтарды
бізге WhatsApp арқылы жіберсеңіз болады:
+7 (705) 121-66-56
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Заң
  • Экономика
  • Білім
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Жаңа Қазақстан
  • Әлемде
No Result
View All Result
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Заң
  • Экономика
  • Білім
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Жаңа Қазақстан
  • Әлемде
No Result
View All Result
basmedia.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Шымкентте қайта өңдеу үлесі 3 есеге артады

Қыркүйек 20, 2021
in Жаңалықтар
0
Шымкентте қайта өңдеу үлесі 3 есеге артады
0
SHARES
8
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

Президент кешегі халыққа арнаған Жолдауында агро-өндірісте қордаланған мәселелерді шешіп, тауарлардың бағасын тұрақтандыру бойынша жұмыстарды күшейтуді айтқан болатын.

Шымкент қаласында қазіргі таңда жалпы өндірісте тамақ өндірісінің үлесі 20 пайызды құрап отыр. Қаланың мегаполис болуына байланысты, ауыл шаруашылығы жерлері жыл сайын азаюда, осы себепті қалада басымдылық – агро-өндіріске берілетін болады.

Бүгінде ауылшаруашылық өнімдерін терең өңдеуге бағытталған «Бозарық» тамақ өнеркәсібі индустриалды аймағын құру жұмыстары жүргізілуде. Индустриалды аймақты құру үшін 132 гектардам астам жер телімі қарастырылып, бүгінгі таңда жер иелерімен келіссөздер жүргізу нәтижесінде мемлекет мұқтажына қайтару келісілді. Аймаққа инфрақұрылым тарту жұмыстары бойынша техникалық экономикалық негіздеме дайындалып, бюджеттен қаржы қаралды.

Индустриалды аймақ екі кезеңде іске асатын болады. Бірінші кезең 2022-2023 жылдары жүргізілсе, екінші кезең 2023-2025 жылдары жүзеге асырылады. Мәселен, келер жылы биологиялық қоспалары бар құнарлы құрама жем өндірісін салу және сүт өндіру зауытын салу, жеміс пен көкөністі қайта өңдейтін және консервілеу сынды кәсіпорындар салу бойынша 6 инвестордан өтінім түскен. Олардың жалпы құны 6,7 млрд. теңгені құрайды. Жаңа 600-ден астам жұмыс орны ашылатын болады.

Жоғарыда аталған қайта өңдеу кәсіпорындары іске қосылғанда сүттің қайта өңдеу үлесі 42 пайыздан, 48%-ға дейін, жеміс-көкөністің қайта өңдеу үлесі 6 пайыздан, 21 пайызға жететін болады.

Қайнар бұлақ тұрғын алабында орналасатын индустриалды аймақта 23 млрд. теңгеге 21 жобаны жүзеге асыру жоспарлануда.

Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

 

Tags: шымкент
Previous Post

Шымкентте 215 шақырым жол таңбасы сызылды

Next Post

Биыл ашылған мектептер циклі: «TM and ART educational school»

Пікір үстеу Жауапты болдырмау

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Facebook Twitter Instagram Youtube

        basmedia.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды көшіріп басу кезінде basmedia.kz сайтына тікелей гиперсілтеме көрсетуді талап етеді



        Барлық құқықтары қорғалған. ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігіне 20.01.2022 ж. тіркелген. Тіркеу туралы куәлік №KZ71VPY00045020 Электронды почта: mediab@internet.ru

No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік

on7news.kz ақпарат агенттігі