basmedia.kz
Маңызды жаңалықтарды
бізге WhatsApp арқылы жіберсеңіз болады:
+7 (705) 121-66-56
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Заң
  • Экономика
  • Білім
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Жаңа Қазақстан
  • Әлемде
No Result
View All Result
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Заң
  • Экономика
  • Білім
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Жаңа Қазақстан
  • Әлемде
No Result
View All Result
basmedia.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Шымкент : Әл-Фараби ауданының әкімі коммуналдық мәселелер бойынша жеке қабылдау өткізді

Қыркүйек 20, 2021
in Жаңалықтар
0
Шымкент :  Әл-Фараби ауданының әкімі коммуналдық мәселелер бойынша жеке қабылдау өткізді
0
SHARES
7
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

Шымкент қаласы Әл-Фараби ауданының әкімі Рашид Мыңбаев тұрғындарға жеке өтініштері бойынша кезекті қабылдауын өткізіп, олардың мәселелерін тыңдады. Қабылдауда аудан азаматтары балалар алаңшасын салып беру, атаулы әлеуметтік көмек, қоқыс жәшіктерін көбейту, заңсыз жүргізіліп жатқан құрылыс туралы сауалдарымен жүгінді.

Аудан тұрғыны Зоя Рудова жоғарғы Отырар шағын ауданында соғылып жатқан заңсыз құрылысты тоқтату жөнінде шағымын білдірді. Рашид Мамытұлы тиісті бөлім басшысына қалалық Орта сапасы және бақылау басқармасы мамандарымен бірлесе мән-жайды анықтап, заң талаптарына сәйкес әрекет етуді тапсырды.

Сондай-ақ, Разия Кулумбетова Түркістан көшесінде орналасқан балалар алаңшасын ретке келтіруді және спорт алаңшасын салып беруді сұрады. Аудан әкімі балалар ойын алаңшасын қалпына келтіру бойынша келісім-шартқа сәйкес мердігер мекемеге тапсырма берілетінін айтты. Ал спорт алаңшасын салу үшін аталған мекенжайда жер көлемінің кішкентай, талаптарға сай келмейтіндігін түсіндірді.

Аудан басшысы әкімдіктің құзыретіне кіретін  өтініштер бойынша толығымен жауап беріп, алдағы уақытта тиісті жұмыстар атқарылатынын жеткізді.

Әл-Фараби ауданының әкімі жеке қабылдауды тұрақты түрде әр бейсенбі күні онлайн және офлайн форматта өткізеді. Қабылдауға жазылу үшін тұрғындар әкімдікке келіп алдын ала өтініш қалдыруы тиіс.

Tags: 3 мегаполискоммуналдық мәселелершымкентӘл-Фараби ауданы
Previous Post

Қазақстанда әркім маңызды!

Next Post

Мұрат Әйтенов жолайрық құрлысын пысықтады

Пікір үстеу Жауапты болдырмау

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Facebook Twitter Instagram Youtube

        basmedia.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды көшіріп басу кезінде basmedia.kz сайтына тікелей гиперсілтеме көрсетуді талап етеді



        Барлық құқықтары қорғалған. ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігіне 20.01.2022 ж. тіркелген. Тіркеу туралы куәлік №KZ71VPY00045020 Электронды почта: mediab@internet.ru

No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік

on7news.kz ақпарат агенттігі