Бүгін Шымкент қаласы Білім және ғылымды дамыту кеңесі мен Отбасы, әйелдер мәселелері және балалардың құқықтарын қорғау Кеңестің бірлескен отырысы өтті.
Отырысты «Nur Otan» партиясы Шымкент қалалық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Ж.Бектаева жүргізді.
Күн тәртібінде екі мәселе қаралды. Атап айтқанда:
- Шымкент қаласындағы №12, 19, 37 мектептерде инклюзияны қолдау кабинеттеріне әдістемелік сүйемелдеуге қажетті қаражат бөлінуін қарастыру.
- Қаладағы мектеп оқушыларының жан басына қаржыландыру туралы тиісті басқарманың баяндамасын тыңдау.
Қалалық білім басқармасының басшысы Жанат Арысбекқызы ерекше балаларға қатысты жасалып жатқан жұмыстармен таныстырып, аутизм балаларға мектептерде қандай жағдай жасалғаны, оларға арнайы мамандарды оқыту туралы сөз қозғады.
Кеңес мүшелері білім басқармасының жұмысына оң баға беріп, оқушылар арасындағы әлеуметтік теңсіздікті болдырмау жолдарын айтып, ұсыныстар берді.