Шымкент қаласы білім басқармасына қарасты «Энергетика және байланыс колледжі» МКҚК 2021 жылдың 20 қыркүйек күні тәрбие бөлімінің жоспарына сәйкес, директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Н.А. Ергешов және тәрбиешілер Л. Амангелдіқызы, Б.Тулеушованың ұйымдастыруымен «Дос және достық» тақырыбында тәрбие сағаты өткізілді.
Мақсаты: Студенттерге дос, достық туралы әңгімелей отырып, олардың достық қарым – қатынасын нығайту. Өзімшілдіктен, менмендіктен тағы басқа жаман әдеттерден аулақ жүруге үйрету, адалдыққа, шыншылдыққа тәрбиелеу. Студенттердің адамгершілік қасиетін, бір – біріне деген достық сезімдерін нығайту. Іс-шара соңында «Дос және достық» жайында қысқа метражды бейнефильм ұсынылды.