Шымкент қаласы ауыл шаруашылығы және ветеринария басқармасының басшысы А.Каныбеков, орынбасары А. Джанбатыров және ветеринария бөлімінің басшысы М.Ержигитов Шымкент қаласының Елтай тұрғын алабындағы күзгі уақ малдарды тоғыту жұмыстарының барысын бақылап қайтты.
Қала бойынша күзгі кезеңге жоспарланған ауыл шаруашылығы жануарларын залалсыздандыру жұмыстары ағымдағы жылдың 06 тамызынан басталды.
Залалсыздандыру жұмыстарын басқармаға қарасты «Ветеринариялық қызмет» МКК-нан 6 бригададан құрылған 18 дезинфектор мамандары бүркуіш және ранц аппараттарымен жұмылдырылды.
Қазіргі таңда, бекітілген жоспарға сәйкес, 45 436 бас ауыл шаруашылығы жануарларын бүрку, 28 995 бас тоғыту және 917 083 шаршы метр қора жайлар мен 132 845 шаршы метр буферлік аумақтарға кенеге қарсы залалсыздандыру жұмыстары жүргізілді.
Маусымдық кезеңге орай бұл жұмыстар 30 қыркүйекке дейін жалғасатын болады.