basmedia.kz
Маңызды жаңалықтарды
бізге WhatsApp арқылы жіберсеңіз болады:
+7 (705) 121-66-56
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Заң
  • Экономика
  • Білім
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Жаңа Қазақстан
  • Әлемде
No Result
View All Result
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Заң
  • Экономика
  • Білім
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Жаңа Қазақстан
  • Әлемде
No Result
View All Result
basmedia.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Шымкентте мал азығын дайындауда гидропоника әдісі қолданылады

Қыркүйек 23, 2021
in Жаңалықтар
0
Шымкентте мал азығын дайындауда гидропоника әдісі қолданылады
0
SHARES
11
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

Президент Жолдауда «Жемшөп дайындауға қажетті жер көлемін кеңейту және егіс алқабына әр жылы әртүрлі дақыл егуді бақылауға алған жөн» екенін айтты. Бұл тапсырманың аясында Шымкент қаласында қандай жұмыстар қолға алынды?

Шымкент – республикалық қала мәртебесін алуына байланысты, ауыл шаруашылығы жерлері жыл сайын азаюда. Сондықтан ауыл шаруашылығы және ветеринария басқармасы мал азықтық дақылдар көлемін арттыруда озық технологияны қолданбақ.

Мамандардың айтуынша, келер жылдан бастап озық технологияның көмегімен гидропоника әдісі шаруашылықтарға ендіріледі. Тарқатып айтқанда, жабық кеңістікте 2 келі астық дәнін сеуіп, 7 күнде 12 келіге дейін мал азықтық дақылын алуға болады. Бұл әдіс арқылы алынған мал азықтық дақылдарының құнарлылығы артып, өнімділік те арта түспек.

Сонымен бірге әртараптандыру бағдарламасын іске асыру нәтижесінде жыл сайын егіс алқаптарын 0,7-ден 1,0 мың гектарға дейін арттыру жоспары қойылған. 2018-2020 жылдар кезеңінде ауыл шаруашылығы дақылдарының егістік алқаптары 3,6 мың гектарға артып, 29,3 мың гектарды құраған болатын. Соның ішінде мал азықтық дақылдар 700 гектарға артқан.

Мал азықтық дақылдарын ұлғайту бойынша арнайы іс-шара жоспары бекітіліп, соның негізінде тиісті жұмыстар жүргізіліп келеді. Мәселен, қала бойынша мал азығына қажетті жем-шөп 358,5 мың тоннаны құраса, жыл сайын оның 186,4 мың тоннасы Шымкентте дайындалады. Яғни қазір жергілікті шаруалар арқылы қажеттіліктің 52 пайызы қамтамасыз етілуде.

Ауыл шаруашылығы өнімін өндірушілер ірі қара, қой, жылқының аналық басына сатып алатын жемшөп құнын арзандату мақсатында қарастырылған 148 млн. теңге биыл жыл соңына дейін жергілікті бюджет есебінен қосымша 100 млн. теңгеге толығатын болады.

Tags: 3 мегаполисАуыл шаруашылығыМұрат Әйтеновшымкент
Previous Post

Цикл школ, открывшийся в этом году: «Жас дарын-2»

Next Post

Мүмкіндігі шектеулі жандарға қолдау көрсету қоғамның ортақ міндеті

Пікір үстеу Жауапты болдырмау

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Facebook Twitter Instagram Youtube

        basmedia.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды көшіріп басу кезінде basmedia.kz сайтына тікелей гиперсілтеме көрсетуді талап етеді



        Барлық құқықтары қорғалған. ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігіне 20.01.2022 ж. тіркелген. Тіркеу туралы куәлік №KZ71VPY00045020 Электронды почта: mediab@internet.ru

No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік

on7news.kz ақпарат агенттігі