basmedia.kz
Маңызды жаңалықтарды
бізге WhatsApp арқылы жіберсеңіз болады:
+7 (705) 121-66-56
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Заң
  • Экономика
  • Білім
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Жаңа Қазақстан
  • Әлемде
No Result
View All Result
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Заң
  • Экономика
  • Білім
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Жаңа Қазақстан
  • Әлемде
No Result
View All Result
basmedia.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Жол картасының сапалы әрі өз мерзімінде орындалуы маңызды

Қыркүйек 24, 2021
in Жаңалықтар
0
Жол картасының сапалы әрі өз мерзімінде орындалуы маңызды
0
SHARES
22
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

«Nur Otan» партиясы Шымкент қалалық филиалының Бюро отырысы өтті. Жиын партияның Шымкент қаласы бойынша филиалының төрағасы, қала әкімі Мұрат Әйтеновтың жетекшелігімен жүргізілді.

Отырыста партияның «Өзгерістер жолы: Әр азаматқа лайықты өмір!» атты сайлауалды бағдарламасын жүзеге асыру үшін бекітілген Жол картасының орындалу барысы талқыланды. Күн тәртібінде бекітілген Жол картасын іске асыруда орындалмау қаупі бар  тармақтар қаралып, ол бойынша жауапты басқарма басшыларының баяндамалары тыңдалды.

Атап айтқанда, Жол картасының 68-тармағы бойынша қалалық кәсіпкерлік және индустриалды-инновациялық даму басқармасының басшысы Береке Дүйсебеков есеп берсе, қалалық ауыл шаруашылығы және ветеринария басқармасының басшысы Асқар Қаныбеков Жол картасының 70-тармағы бойынша тиісті ұсынысын ортаға салды. Ол аталған тармақ бойынша 136 гектар құрайтын «Агроиндустриалды аймақ» құру және 71-тармақ бойынша 89 гектар аумаққа жыл сайын 15-20 га жылыжай салуды іске асыруда инвесторларға мемлекет тарапынан қолдау көрсетілмесе жобалардың жүзеге аспау қаупі  бар екенін  ескертті.

Бюро отырысында баяндалған Жол картасының осы және өзге де тармақтарының орындалуы бойынша ұсыныс-пікірлер айтылып,  олардың сапалы іске асырылуы талқыланды.

Өз кезегінде Мұрат Дүйсенбекұлы қалалық партия филиалы мен жауапты басқарма басшыларына Жол картасында көрсетілген индикаторларды сапалы және өз мерзімінде орындалуын ұйымдастыруды тапсырды. Сонымен қатар  орындалмай қалу қаупі бар 9 іс-шараның жұмысын және  нысандарға бөлінген қаражаттың мақсатты жұмсалуын қатаң бақылауға алуды міндеттеді. Күн тәртібінде қаралған мәселелер бойынша қаулы қабылданды.

Tags: 3 мегаполис«Nur Otan» партиясыЖанар Бектаевашымкент
Previous Post

Шымкентте 25 инвестициялық жоба бойынша меморандум түзілген

Next Post

Шымкент : «Nur Otan» партиясының саяси кеңес бюросы өтті

Пікір үстеу Жауапты болдырмау

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Facebook Twitter Instagram Youtube

        basmedia.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды көшіріп басу кезінде basmedia.kz сайтына тікелей гиперсілтеме көрсетуді талап етеді



        Барлық құқықтары қорғалған. ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігіне 20.01.2022 ж. тіркелген. Тіркеу туралы куәлік №KZ71VPY00045020 Электронды почта: mediab@internet.ru

No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік

on7news.kz ақпарат агенттігі